Қара зерені тері ауруларында қолдану тәсілдері қандай?
Сұрақ: Қара зерені тері ауруларында қолдану тәсілдері қандай?
Жауап:
Бет терісінің ауруы
1/3 қасық қара зере майы мен 1 ас қасық зәйтүн майын араластырып, алынған қоспаны бетке жағып, 1 сағатқа қалдырады. Сосын жылы сумен сабындап жуып тастайды.
Қал (родинки)
Қара зерені пайда болып келе жатқан қалға жағады. Ол оның әрі қарай үлкеюінің алдын алады және теріні тазартады.
Сүйел (бородавки)
2 стакан алма сірке суы мен 1 стакан ұсақталған қара зерені араластырады. Осы қоспаға матаны батырып сүйелдің үстіне қояды. Оны таңертең және кешке ауыстырады. Процедураны 1 апта бойы қайталайды.
Май іркіліп пайда болған сүйелдер (жировые бородавки)
3 стакан алма сірке суы мен 1 стакан ұсақталған қара зерені араластырады. Осы қоспаға матаны батырып сүйелдің үстіне қояды. Күніне 2 рет, таңертең және кешке ауыстырады. Процедураны 1 апта бойы қайталайды.
Дерматит (себорея)
1 ас қасық шалфей жапырағына 1-1,5 стакан қайнап тұрған су құяды, беті жабық ыдыста 30-40 минут тұндырады. Алынған тұнбаны сүзіп алып, 1 стакан тұнбаға 0,5 ас қасық қара зере майын, 0,5 ас қасық бал қосады. Жылы тұнбаға дәкені малып ауырған жерге күніне 2-3 рет басады.
Шаштың түсуі
Шаш түскен жерге қара зере майын жағады. Сонымен бірге тамақтан 15 минут бұрын таңертең және кешке жарты шай қасық қара зере майын 1 ас қасық бал қосылған жарты стакан сумен ішу керек.
Таңертең жарты қасық қара зере майын ішіп, содан кейін 1:1 қатынасындағы қара зере майы мен зәйтүн майының қоспасымен басты 10 минуттай уқалайды. Сонан соң жуады. Мұны 1 апта бойы күнара жасайды.
Қышыма (чесотка)
200 гр қара зерені 50мл алма сірке суымен араластырады қоспаны ауырған жерге күніне 1 рет 1 апта бойы жағады.
Теміреткі, есекжем, таз
Қара зере майымен ауырған жерді күніне 3 рет сүрту керек. 200 гр ұсақталған қара зере дәнін алма сірке суымен қамыр тәрізді болғанша араластырады. Қоспаны ауырған жерге жағып 5 минуттай кептіріп таңып байлайды. Мұны күніне 1 рет 1 ай бойы жасайды. Дәріні 2 күннен артық сақтауға болмайды.
Теріні жасарту (маска дайындау)
1 жұмыртқаның сары уызы 1 ас қасық бал және 1 шай қасық қара зере майын алып біркелкі масса болғанша араластырады. Бұл маска бетке және мойынға мақтамен қабатталып жағылады (бірінші қабат кепкен соң екіншісі, содан соң үшіншісі). 20-25 минуттан соң ылғал мақтамен сүртіп тастайды. Бұл рецепт құрғақ, қалыпты және өңі қашқан бет терісіне арналған. Мұны аптасына 1-2 рет 1 ай бойы қолданады.
Безеулі бөртпе
1 шай қасық қара зере майын 2 ас қасық бал және 50 мл жылы түймедақ қайнатпасымен (1 стакан суға 1 ас қасық гүл) араластырады. Маска ретінде аптасына 1 рет қолданады. Қоспаны теріге 15 минут жағып қояды да салқын сумен жуып тастайды.