Қара зеренің тірек-қимыл жүйесінің ауруларында қолдану рецептері қандай?
Сұрақ: Қара зеренің тірек-қимыл жүйесінің ауруларында қолдану рецептері қандай?
Жауап:
Сарып (ревматизм) және бұлшық ет ауруы
Қара зере мен зәйтүн майын араластырып кішкене қыздырып ауырған жерді сылайды. Ұйықтар алдында қра зере майы мен бал қоспасын ішу керек.
Буын сарыпы
10 гр қара зере, 15 гр алое, 10 гр кресса гүлі, 5 гр зімбір, 5 гр үнді арпасын ұнтақтап 300 гр бал арластырады. Таңертең аш қарынға және кешкі тамақтан 40-50 минут бұрын 1 шай қасықтан 10 күн бойы қабылдайды.
Артрит, сарыпты полиартрит
Буынды қыздырып қара зере майын жағып қайта қыздырады.
Буын ауруы
Қара зерені ұнтақтап алма сірке суымен араластырады оны ауырған жерге жағып дәкемен таңады. Таңертең аш қарынға жарты шай қасық қара зере майын ішеді.
Арқа аурулары
50гр қара зере дәнін қуырып, ұсақтап 150гр балмен араластырады. Таңертең аш қарынға және кешкі тамақтан 40-50 минут бұрын 1 шай қасықтан қабылдайды. 10 күн бойы арқаны қара зере майын жылытып арқаны сылайды.
Сүйек аурулары, жарақаттану
Күніне 2 рет қайнатылған пияз жеу керек. Сонымен қатар ауырған жерді 1:1 қатынасындағы қара зере мен жалбыз майының қоспасымен сылайды.
Құяң (радикулит)
Ауру белгісі байқалғанда теріге 1:1 қатынасындағы қыздырылған қара зере майы мен бал қоспасын жағады, содан соң белді жұмсақ матамен 4-5 рет орайды. Осыдан кейін электрогрелканы арқасына қойып шалқасынан жату керек. 2-3 сағаттан соң ауырғаны басылады.
Бұлшық еттің құрысуы
1 шай қасық бал мен жарты шай қасық қара зере майын 1-2 апта бойы күніне 3 реттен қабылдау керек.