Қара зерені жұқпалы ауруларда қолдану тәсілдері қандай?
Сұрақ: Қара зерені жұқпалы ауруларда қолдану тәсілдері қандай?
Жауап:
Тұмау
Қабығынан тазартылған 1-2 түйір сарымсақты, 1 шай қасық қара зере мен 1 шай қасық балды араластырып, қоспаны жатар алдында 1 шай қасықтан қайнаған жылы сумен ішу керек.
Таңертең және кешке желке тұсы мен кеудені қара зере майымен сылайды. Сосын табанын да маймен сылап жүн шұлық киіп, оранып төсекке жату керек. Терлететін шөптер жинағын ішу керек.