Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Қара зерені ерлер ауруларында қолдану тәсілдері қандай?
        Қара зерені ерлер ауруларында қолдану тәсілдері қандай?

        Қара зерені ерлер ауруларында қолдану тәсілдері қандай?

        Сұрақ: Қара зерені ерлер ауруларында қолдану тәсілдері қандай?

        Жауап: 

        Простатит

        1 кг ара балын 7 ас қасық ұнтақталған қара зеремен араластырып, таңертең және кешке 1 ас қасықтан тамақтан 2 сағат бұрын қабылдау керек.

         

        Созылмалы простатит

        70-100гр балды 2 шай қасық балауызбен қосып 1 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдайды (тәтті жеуді доғару керек). Емдеу курсы 1,5 ай, үзіліс жасап қайта жалғастыруға болады.

        Қара зере майымен арқаны, негізінен белді уқалай отырып майлау керек және жұмыртқаның айналасын майлау керек.

        Жарты стакан жылы суды 1 ас қасық балмен, 1 шай қасық уатылған қара зеремен, 1 шай қасық түймедағымен араластырып таңертең қабылдау керек. Бұл бір порция.

         

        Жыныс жолдарының қабынуы

        Жақсылап жуынып, жатар алдында ауырған жерге қара зере майын жағу керек. Емді 7-10 күн қайталайды.

         

        Қалқанша безінің аденомасы

        10 %-тік прополис балын күніне  2-3 рет 1 шай қасықтан, тамақтан 20-30 минут бұрын қабылдау керек. Емдеу курсы 1 ай. 10-12 күн үзіліс жасап курсты қайталауға болады.

         Қара зере майымен белді уқалай отырып майлау керек және жұмыртқаның айналасын майлау керек. Жарты стакан жылы суды 1 ас қасық балмен, 1 шай қасық уатылған қара зеремен, 1 шай қасық түймедағымен араластырып таңертең қабылдау керек. Бұл бір порция.

         

        Жыныстық қабілетті арттыру үшін

        1. 1 бас сарымсақты ұсақтап, қара зеренің майына салып, баяу отта қашан сарымсақ сарғайғанша қуырады. Сосын алынған қоспаны кішкентай шыны бөтелкеге немесе банкіге салып, аузын мықтап бекітеді. Қажет болған жағдайда шат пен жыныстық мүшенің түбін сол қоспамен сылайды. Бір сағат өткен соң жуылады.

        2. Қара зере майын босвелла өсімдігімен және ладанмен (хош иісті қара май) бірге қосып ішсе, жыныстық қабілет қалпына келеді.

        3. Қара зере майымен сегізкөздің тұсын сылап, уқалайды және шапты да сылайды. 1/2 стакан жылы суға 1 қасық бал, 1 шай қасық қара зере майын және түймедақты салып араластырып, алынған қоспаны кез келген уақытта қабылдау керек.

        4. 100 гр ұнтақталған қара зерені 100 гр зәйтүн майымен және 30 гр ладанмен (хош иісті қара май, алабамум) қосып араластырады. Алынған қоспаны шай қасықпен күніне 1 рет қабылдайды.

         

        Белсіздік жағдайында

        Мына қоспаны дайындайды: 1,5 стакан бал, 1 стакан грек жаңғағы, 1 стакан курага (өрік болғаны жақсы), 1 стакан мейіз, 1 стакан қара өрік, 2 лимон қабығымен бірге. Аталған заттарды ұнтақтап, жақсылап араластырады. Алынған қоспаны тамақ жеуден 1 сағат бұрын 1 ас қасығымен күніне 3 мәрте қабылдайды.

         

        Аденома

        Таңертең және кешке 25 дана қуырылмаған асқабақ дәнін жейді. Қара зере дәнінен шай қайнатып ішуді әдетке айналдырған жөн. 1 стакан қара зере дәнін 1,5 стакан қайнаған суға салып, 5-7 минут қайнатып, сосын 10 минут тұндырған соң сүзіп алады. Осы шайды күніне 3 рет 1/2 стаканнан ішеді.