Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Қара зере шайын дайындау әдісі қандай?
        Қара зере шайын дайындау әдісі қандай?

        Қара зере шайын дайындау әдісі қандай?

        Сұрақ: Қара зере шайын дайындау әдісі қандай?

        Жауап: 

        Халық медицинасында қара зеренің дәндерінен қайнатылған шай іш кебуі, іш өту және өт шаншуы сияқты ауруларға қарсы ерекше ем ретінде жоғары бағаланады. Оны жас босанған сүті аз әйелдерге де береді.

        Болгарияның халық медицинасы бойынша қара зере зәр айдау, сүтті көбейту, өт айдау, ішек құртын жою мақсаттарында қолданылады. Қара зере шайының күнделікті мөлшері 0,5-1,0 грамм.

        Қара зере шайын дайындау әдісі

        1. 1 шай қасық қара зере дәнін 300 мл суға салып, баяу отта 7-8 минуттай қайнатады. Сосын оны 1 сағат тұндырып, сүзіп алады. Оны емшектегі сүтті көбейту үшін күніне 3-4 рет тамаққа дейін 1/3 стакан мөлшерінде қабылдайды.

        2. Ұнтақталған 1 шай қасық қара зерені 1 стакан қайнаған суға салып, 10 минуттай тұндырып, сосын сүзіп алады. Алынған тұнбаны күніне 2 рет 1 кеседен қабылдайды.