Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Қара зерені ас мәзірінде қолдану тәсілдері қандай?
        Қара зерені ас мәзірінде қолдану тәсілдері қандай?

        Қара зерені ас мәзірінде қолдану тәсілдері қандай?

        Сұрақ: Қара зерені ас мәзірінде қолдану тәсілдері қандай?

        Жауап: 

        Ежелгі Египет тұрғындары қара зерені өте нәзік және шөп пен жаңғақтың иістерінің қосындысындай хош иісті, қой бүлдіргеннің дәміндей тәтті һәм бұршақ, қызанақ, баклажан, цукини, ет, балық, құс еттерінен жасалған тағам түрлеріне, сондай-ақ, пісірілген нан және консервіленген тамақтарға ерекше дәм беретін таңдаулы дәмдеуіш ретінде бағалаған. Ерте замандарда шаруалар емдік шөп болуымен бірге аса құнды дәмдеуіш болып есептелетін осы бір өсімдікті өсіруге міндетті болатын. Сондықтан да оны көптеген шаруалардың бақшаларынан табуға болатын. Қазірдің өзінде қара зерені бұрыштың орнына және ас қорытуды жақсартуға көмектесетін дәмдеуіш ретінде қолданады.

        Қара зеренің дәні жағымды дәмімен және исімен ерекшеленеді. Оны нан пісіру өндірісінде де, сонымен қатар капустаны ашытуда, қияр мен қарбызды тұздауда да пайдаланады. Қара зере арқылы пудинг, мусс, компот, желенің дәмін келтіреді. Орталық Азияда қара зеремен тандыр нанның, шайдың, уыз қосылған салқын сорпаның дәмін хош иістендіреді. Қара зерені деоративтік өсімдік ретінде де өсіреді. Ол жақсы бал беретін өсімдіктердің қатарына жатады. Оның дәндері киімдерді зиянкес насекомдардан қорғайды.