Қара зерені онкология ауруларында қолдану тәсілдері қандай?
Сұрақ: Қара зерені онкология ауруларында қолдану тәсілдері қандай?
Жауап:
Рак
Рак ауруларында қара зерені сарымсақпен қосып пайдаланған дұрыс. Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін мынадай ем құралы дайындалады. Грек жаңғақтарын, кесілген кепкен өрікті (кураганы), інжірді, бір сағат бұрын салқын суға салынған жүзімді әрқайсысынан 1 стаканнан алып, бір ыдысқа салып, ұнтақтайды. Сосын оған қабығымен бірге 1 лимон қосып, алынған қоспаны банкіге салып, үстіне 1 стакан бал қосады. Егер бал өте қою болса, ұнтақталған жемістерді алдын ала балмен жақсылап араластырып алу қажет. Алынған тәтті әрі пайдалы қоспаны айранмен қосып 1-2 шай қасықтан күніне 3 рет ішу керек.
Немесе 1 шай қасық қара зере майы мен 1 шай қасық балды араластырып күніне 3 мәрте ішіп жүру керек.
Тамақ және тері рагы
Ауырған жерді қара зере майымен сылау керек. Сондай-ақ 1 шай қасық қара зере майы мен 1 стакан жаңа сығылып алынған сәбіз шырынын араластырып күніне 3 мәрте қабылдау керек. Қоспаны ішерде шайқау керек. Осы емдік үдеріс 3 айға созылады.