Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Қара зерені ішкі секреция бездері мен қанға байланысты ауруларда қолдану тәсілдері қандай?
        Қара зерені ішкі секреция бездері мен қанға байланысты ауруларда қолдану тәсілдері қандай?

        Қара зерені ішкі секреция бездері мен қанға байланысты ауруларда қолдану тәсілдері қандай?

        Сұрақ: Қара зерені ішкі секреция бездері мен қанға байланысты ауруларда қолдану тәсілдері қандай?

        Жауап: 

        2 кг балға 10-15 грамм араның аналық сүтін қосып, араластырады. Сосын осы қоспаға қара  зеренің ұнтақталынған дәндерін қосып, жақсылап араластыру қажет. Дайындалған қоспаны күніне 1 ас қасықпен 3 мәрте қабылдайды. Пайдаланудан бұрын қоспаны жақсылап шайқау керек.

         

        Қант диабеті

        1 стакан қара зере дәнін, 1 стакан  кресс-салатты, 1/2 стакан горечавка өсімдігін және 1/2 стакан анардың қабығын бір ыдысқа салып ұнтақтайды. Сосын жақсылап араластырып күнделікті таңертеңгілік астан 15-30 минуттай бұрын аш қарынға 1 шай қасықпен бір ай бойы қабылдайды. Қоспаны тоңазытқышта сақтаған жөн. Бір ай өткен соң науқас қан анализін тапсырып көреді. Егер қандағы қант құрамы қалыпты жағдайда болса, емді тоқтатуға болады. Болмаған жағдайда әрі қарай жалғастырады.

         

        Жоғары қысым

        Жалбыздың тұнбасына қара зере майының 7 тамшысын қосып, бір апта бойы күніне тамақтан соң 3 мәрте қабылдау қажет. Сондай-ақ ұйықтардан алдын денені қара зере майымен сылауға болады.

         

        Иммунитетті нығайту

        1 шай қасық қара зере дәнін немесе жарты шай қасық қара зере майын аздаған сумен не шырынмен араластырып, 3 ай бойы қабылдап жүру керек. Қара зерені пайдалану жілік майының және иммундік жүйенің өмірлік маңызды жасушаларының өндіріліп шығуына аса зор ықпал жасайды.