Қара зерені балалар ауруларында қолдану тәсілдері қандай?
Сұрақ: Қара зерені балалар ауруларында қолдану тәсілдері қандай?
Жауап:
Көкжөтел
Эмаль ыдысқа 500 гр жолжелкен шырынын 500 гр балмен араластырып, қоспаны баяу отта 20 минут бойы қайнатады. Салқындаған қоспаға 5 шай қасық қара зере майын қосады. Тамақтан бұрын 1 ас қасықтан күніне үш рет ішеді.
1:1 мөлшердегі бал мен қара зере майының жылы қоспасын балаларға 1 шай қасықтан күніне 3-4 рет береді. Бұл көкжөтел мен асқазан аурулары кезінде пайдалы.