Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Қара зеренің қолдану рецептері қандай?
        Қара зеренің қолдану рецептері қандай?

        Қара зеренің қолдану рецептері қандай?

        Сұрақ: Қара зеренің қолдану рецептері қандай? 

        Жауап:

        Жүйке жүйесі аурулары кезінде 

        Бас ауруы

        1 ас қасық уатылған қара зере, 1 ас қасық уатылған анис (anise seed), 1 ас қасық ұсақталған қалампыр (cloves), таңертең және кешке ас ішерден 15-30 минут бұрын 1 шай қасықтан қабылдау керек. Жұтуға оңай болғанға дейін ауызда ұстап тұрып, жұтып жіберу керек. Сумен ішуге болмайды!

         

        Бас айналу

        Қара зере майын шайға қосып ішеді. Сондай-ақ жақ сүйектің астыңғы жағы мен желке тұсын маймен сүрту керек.

         

        Ұйқысыздық

        1. 1 шай қасық қара зерені балмен не шаймен араластырып кешкі астан бұрын ішу керек.

        2. 100 грамм жаңа піскен таңқурай жидегін немесе 2 ас қасық таңқурай тосабын (варенье) 1 стакан қайнаған суға ерітіп, 10 минут тұндырып 1ас қасық бал және 1 шай қасық қара зере майын  қосып ұйықтар алдында ішеді.

         

        Қояншық (истерия)

        Таңертең аш қарынға 0,5 шай қасық қара зере майын ішіп, 15-30 минуттан соң 1 ас қасық балды толық ерігенше ауызда ұстап жеу керек.

         

        Бас ауруының басқа емі

        -Жарты шай қасық қара зере майын күніне 2-3 рет қабылдау керек;

        -Жарты шай қасық май ішіп, бастың маңдай бөлігін, құлақтың алдыңғы жағын маймен сүрту керек (тәтті жеуді доғару қажет), емдеу мерзімі 3 күн.;

         

        Үнемі шаршап жүру

        1 стакан балға 3 шай қасық алма сірке қышқылын және 1 шай  қасық қара зере майын араластырып ұйқыға жатар алдында 2 шай қасықтан жеу керек.

         

        Бет жүйкесінің жансыздануы

        Жарты шай қасық қара зере майын ішіп, ауырған жерді және бастың алдыңғы бөлігін, маймен сүрту керек (тәттіні, шоколадты жеуге болмайды).

         

        Ұйқының бұзылуы

        Ұйқыға жатардан 30-40 минут бұрын 1 стакан жылы суға 1 ас қасық бал мен жарты қасық майды араластырып ішеді.

         

        Нервоз (нерв жүйелерінің функциялық нашарлауы)

        5 тамшы қара зере майын шайға тамызып ішеді.

         

        Жұлын ауруы

        Жарты шай қасық қара зере майын жарты стакан тұт жемісінің шырынымен күніне 1 рет қабылдау керек.

         

        Бас сақинасы (мигрень)

        Қара зере мен қалампырды 1 шай қасықтан алып ұнтақтап, оған 1 шай қасық бал қосып араластырады. Осы қоспаны кешкісін ауырған жерге жағып, таңып таңға дейін қалдырады.

         

        Тұтығып сөйлеу

        1 ас қасық уатылған қара зере, 1 ас қасық уатылған гүлді кресса, 0,5 ас қасық ұнтақталған анар қабығын алып 1 ас қасық балмен араластырады. 3 апта бойы күніне 2 реттен (таңертең және кешке) 1 шай қасықтан қабылдайды. Салқын жерде аузы бекітілетін шыны ыдыста сақтайды.