Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Қара зерені емдік мақсатта қолдану тәсілдері қандай?
        Қара зерені емдік мақсатта қолдану тәсілдері қандай?

        Қара зерені емдік мақсатта қолдану тәсілдері қандай?

        Сұрақ: Қара зерені емдік мақсатта қолдану тәсілдері қандай?
        Жауап:
        Ішкі қолданыс үшін (майын ішу арқылы):
        Ағзаның мүмкіндігі мен төзімділігіне байланысты емді қабылдау әртүрлі болуы мүмкін. Осыған сүйене отырып әркім өзіне қажетті тәсілді таңдай алады:
        Таңертең ас ішуден 15-30 минуттай бұрын аш қарынға  және кешке тамақтан соң 1,5 сағаттан кейін 10 тамшы (жарты шай қасығы) зере майын қабылдау.

        Тамақ ішуден 15-30 минуттай бұрын жарты шай қасық зере майын қабылдап, одан кейін бірден 1 ас қасық бал араластырылған жарты стакан су ішу.
        Жарты стакан суға 1 шай қасық қара зере майы мен 1 ас қасық балды қосып, араластырып таңертеңгі астан 15-30 минут бұрын және кешкі асты ішкеннен 15-30 минут өткен соң қабылдау.

        Денсаулықты нығайту үшін
        Қара зеренің жалпы ағзаны нығайту үшін де, көптеген аурулардан емделу үшін де өте пайдалы ем болуымен бірге Пайғамбардың (с.а.с.) сүннеті екендігін ескерер болсақ, бұл берекелі емді ауырмайтын адамдар үшін де күнделікті пайдалану ұсынылады. Денсаулықты нығайту үшін қара зеренің жарты шай қасық майын немесе бір шай қасық дәндерін күнделікті жүйеде таңертеңгілік астан 15-30 минут бұрын қабылдау ұсынылады. (Бұл бұдан асыруға болмайтын тәуліктік мөлшері). Қара зеренің дәмін жақсарту үшін оны шырынмен, сумен араластыруға болады.

        Қолдану уақытының ұзақтығы
        Қабылдау курсын әр күн сайын 1-2 тамшыдан кеміте отырып аяқтау керек. Қолданудан бұрын қара зере майы құйылған құтыны шайқау қажет.
        Қара зере де басқа табиғи биореттегіштер сияқты әдетте 3 айдан 6 айға дейін (кем дегенде 1 ай) 3-5 күндік үзілістері бар 15 күндік қабылдау кестесімен қолданылады.

        Сыртқы қолданыс
        Жараның ауырлық деңгейі мен бетінің көлеміне байланысты емді ашық түрде немесе таңғыш қою арқылы жүргізеді. Жараның бетін антисептик ерітіндімен жуып,  дәкеден тампон қойып кептіреді. Емдеудің ашық түрінде майды жараның бетіне жұқалапп жағады. Бұл процедураны күніне 2 рет жасайды. Таңғыш пайдаланғанда дәке таңғышқа майды сіңіріп алып жараның бетіне қояды. Таңғышты 2-3 күнде ауыстырады. Жарты шай қасық майды тамақтану алдында 15-30 минут бұрын (таңертең және кешке) қабылдайды.
         
        Ауырған жерді сүрту
        Майды қыздырып ауырған жерді сонымен қарқынды түрде сүртіп, сонан соң жарты шай қасық майды тамақтың алдында 15-30 минут бұрын (таңертең және кешке) қабылдайды да 1 ас қасық табиғи бал қосылған жарты стақан суды ішеді.
         
        Уқалау (массаж)
        Уқалау кезінде сыртқы қолдануға арналған жақпа май ретінде теріні сылайды. Ол теріге жасару әсерін беріп оны серпімді әрі сергек етеді, сондай-ақ тері ауруларының алдын алады. Қара зеренің майы құяңда, бұлшық еттің қабынуында және жарақаттанғанда өте әсерлі.
         
        Тамақты булау (ингаляция)
        Үйде тамақты булағанда 3-4 стакан су құйылған шайнекті қолдануға болады. Суды қайнатып оттан түсіріп 1-2 ас қасық қара зере майын қосып шайнектің тұмсығына кигізілген резеңке түтікше арқылы дем алады. Будың температурасын бақылап абай болған жөн. Бумен дем алғанда басын сүлгімен немесе жамылғымен орауы керек. Мұны 5-10 минут бойы таңертең және кешке қайталаған жөн.

        Тамақ булауды қолданудың көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері 
         Қолдану көрсетілімдері 
        Ингаляциялық аэрозольды терапия тыныс алу жолдары ауруларының, соның ішінде ларингит, трахеит, фарингит, бронхит, туберкулез бен қолқа демікпесінің алдын алу мен емдеуде маңызды тәсіл болып саналады. Бұл тыныс алу жолдарының шырышты қабатын ылғалдандырып қолқаның жыбырлағыш эпителиінің функциясын белсенді етеді, қоймалжың шырышты сұйылтады, қақырықтың түсуін жеңілдетеді, құрғақ жөтелді басады, тамақтың кебуін қойдырады, қан айналымын жақсартады, дәрілік заттардың сіңуін жақсартады. Жылы ауамен дем алу, тамақты булау, аэрозоль тәсілдері жүрек- қан тамырлары ауруларында (гипертониялық ауру, стенокардия, жүрек бұлшық етінің талмасынан кейін), жүйке жүйесінің ауруларында (ұйқысыздық, депрессия, астения), эндокриндік жүйеде (семіздік, диабет, климакс), дәрет-жыныс жолдары, бұлшық ет жүйесі, буын және тағы да басқа аурулардың терапиясы мен реабилитациясы кезінде қолданылады. Ароматерапия психикаық жағдайды қалыптандырады, қан және лимфалық сұйықтардың айналымын жақсартады, ағзадағы нейрореттегіш процестерді қалыпты етеді.

        Қарсы көрсетілімдері 
        Тамақты булау қан түкірген кезде, қан аққанда немесе соған бейім ауруларда, жүрек-қан тамырлары ауруларымен сипатталатын өкпе, жүрек және бүйрек ауруларында, кейбір басқа да ауруларда қарсы көрсетілген, сондықтан барлық жағдайда тамақты буламас бұрын дәрігермен кеңескен жөн.
         
        Үй жағдайында тұнба мен қайнатпа дайындау тәсілдері
        Тұнба мен қайнатпаны фаянс, фарфор немесе эмальды ыдысқа дайындайды. Әдетте құрғақ жапырақты, гүлді ірілігі 5мм мөлшерге дейін, тамыр сабақты, тамырды, қабық пен сабақты- 3мм, ал жемісі мен дәнін 0,5мм ірі емес етіп майдалайды. Созылмалы ауруларда дәріні 1-1,5 ай сайын 1-2 апта үзіліс жасап 1,5-4 ай бойы қабылдайды.
        Пайдалану мақсатына қарай өсімдік шикізатының мөлшері төмендегідей:
        1 ас қасық өсімдік шикізатын 1 стакан қайнаған суға, егер дәрілік өсімдіктің кері әсері болмаса,;
        0,5 ас қасық немесе 1 шай қасық өсімдік шикізатын 1 стакан қайнаған суға, егер дәрілік өсімдік белгілі бір ауруға көмектессе және ешқандай кері әсері болмаса,;
        0,5 шай қасық өсімдік шикізатын 1 стакан қайнаған суға, егер дәрілік өсімдік улы болса. Бұл жағдайда дәрігердің бақылауымен өте аз мөлшерден бастап пайдалану керек.
         
        Тұнба
        Тұнба дегеніміз дәрілік шөптердің сулы сығындысы, оны күнделікті дайындаған дұрыс. Тұнбаны дайындаудың екі тәсілі бар: ыстықтай және салқын.
        1-тәсіл. Тұнбаны ыстықтай дайындағанда өсімдік салынып, су құйылған ыдысты бетін жауып қайнап тұрған суы бар үлкен ыдысқа салып қайнатады. Булау барысында ара-кідік араластырып тұрып 15 минут ұстайды да баяу сууы үшін 45 минут қояды, сонан соң сүзгіден өткізеді, тұнба дайын. Булаудың орнына ыстық пеш пайдалануға да болады, бірақ дәрілік қоспаның қайнап кетпеуін қадағалау керек.
        2-тәсіл. Салқындай дайындау тәсілінде дәрілік шикізатқа қажетті мөлшерде қайнаған салқын су құйып, 4-12 сағат тұндырып, сүзгіден өткізіп пайдаланады.
         
        Қайнатпа
        Қайнатпа дегеніміз дәрілік шөптердің қайнату арқылы алынған түрі, оны күнделікті дайындаған дұрыс. Қайнатпаны дайындаудың екі тәсілі бар: ыстықтай және салқын.
        1-тәсіл. Қайнатпа дайындағанда ұсақталған өсімдікті қайнап тұрған суға салып 15-30 минут баяу отта қайнатады (немесе 30 минут жиі араластырып тұрып буға қайнатуға да болады), сосын 30-60 минут тұндырып сүзгіден өткізеді. Булаудың орнына ыстық пеш пайдалануға да болады, бірақ дәрілік қоспаның қайнап кетпеуін қадағалау керек.
        2-тәсіл. Мынадай әдісті қолдануға да болады: ұнтақталған дәрілік шөпке бөлме температурасына дейін салқындатылған қайнаған су құйып, 5-7 сағат тұндырып, сонан соң 10-15 минут қайнатады немесе 30 минут булайды.
         
        Болуы мүмкін кері әсерлері
         
        Кері әсерлерден сақтанбаса да болады. Зерттеулер көрсеткеніндей қара зеренің майы мөлшерін дұрыс қолданған жағдайда  қауіпсіз және кері әсері байқалмайды. Тек асқазан, ішек жолдарының тітіркенуін болырмау үшін артық мөлшерде қолданудан сақ болыңыз. Қолдану барысында адамның созылмалы ауруы күшеюі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, өйткені қара зере- иммунитетті нығайтады, иммунитетті нығайту барысында адам ағзасы ағзадағы толықтай жойылмаған аурумен күреседі. Кейбір жағдайда адамның бойында жасырын ауруы да болады, ол білінбейді, кенет емді бастағанда адамның халі күрт төмендейді. Бұл кейін ауруды күшейтуі мүмкін аурудың жасырын ошағының күйреуін білдіруі ықтимал. Мұндай жағдайда дәрігермен кеңескен жөн.
        Асадули Муслим Гази дәрігер өзінің «Асрарул-Афия» («Денсаулық құпиясы») атты кітабында қара зерені не оның майын қолданғанда кей жағдайда іштің ауруы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы байқалатынын жазған. Ал күнжарасын (майы сығылғаннан кейінгі құрғақ қалдығын) пайдаланғанда күре тамыр қысымы төмендеуі мүмкін.

        Қарсы көрсетілімдері
         
        -   жүкті әйелдерге және дене мүшелері (бауыр, бүйрек, жүрек) ауыстырылған ауруларға қолдануға тыйым салынған, иммунитетті күшейтетіндіктен ауыстырылған дене мүшелері безінуі (отречение) мүмкін;
        -   қара зереге аллергиясы болғанда;
        -   сыртқа қолданғанда терінің өте сезімталдығы;
        -   дәрігердің көмегін қажет ететін ауыр және асқынған ауруларға қолдануға болмайды.
        -   емделу барысында ішімдік пайдалануға болмайды. Кері жағдайда, яғни дәрі мен ішімдікті қоса қабылдау емнің әсерін жоққа шығарады; сонымен бірге басқа да ауруды қосып алады. Кез-келген ішімдікті сусындар, тіпті сыра да, емге дейін де, емделу кезінде де, кейін де қарсы көрсетілген. Харам болып саналатынның бәрі дәрінің әсерін қайтарып, жағдайды қиындатуы мүмкін. Басқа дәрілік қоспалармен өзара әрекеті байқалмаған. Үйренісу әсері анықталмаған.
         
        Сақтау шарттары
         
        Салқын, құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Дәріні мобильді телефоннан, микротолқынды пештен және басқа да радиосәулелі көздерден аулақта ұстаңыз. Қара зерені тоңазытқышта сақтамаңыз.
        Сақтау мерзімі
         
        Сақтау мерзімін құтының қақпағында немесе жапсырма қағазында көрсетеді. Дұрыс сақталған жағдайда қара зере дәні 3 жылға дейін, майы 2 жылға дейін сақталады.

        Назар аударыңыз!
        Қара зере мен майын сатып алғанда және пайдаланғанда мына ережелерге көңіл бөліңіз:
        Қабылдар алдында құтыны жақсылап шайқаңыз;
        Балаларға жоғарыда жазылған сызба бойынша қолдану ұсынылады;
        Қабылдау мөлшерін қатаң сақтау;
        «100% қара зере майы» деген жазуы бар жапсырманың болуына көз жеткізіңіз;
        Өнімнің пластмасса емес фабрикалық шыны шөлмекте және қорапта болуына көз жеткізіңіз;
        Жапсырмадағы немесе қақпағындағы шыққан күні мен жылы, сақтау мерзімінің анық жазылғандығына көңіл бөліңіз;
         
        Өлшем бірлігі
         
        Төменде келтірілген рецептерде шикізат мөлшері кейде граммен емес, шай және ас қасықтармен берілген. Сіздің тапсырмаңызды жеңілдету үшін анықтап алайық:
        1 шай қасық кептірілген  және  ұнтақталған  дәрілік шикізат  шамамен 5 грамм;
        1 ас қасық- шамамен 13 грамм;
        Толтыра салынған 1 ас қасық – 20 грамм;

         

        1. Стаканға 200мл су сыяды.