Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Қара зеренің иммундік қасиеттері қандай?
        Қара зеренің иммундік қасиеттері қандай?

        Қара зеренің иммундік қасиеттері қандай?

        Сұрақ: Қара зеренің иммундік қасиеттері қандай?

         Жауап:

        Иммунитеторганизмдегі белгілі бір жасушалардың басқа организмдердің жасушаларынан келген не өзінің жасушаларынан келіп, дененің басқа жасушаларымен ұқсастығын жойған бөгде заттар мен құрылымдарды тез танып, байлап, жойып жіберу қабілеті. Дені сау адамның организмі бөгде заттар мен құрылымдардан, олардың ішінде сырттан және іштен шыққан ауру тудыратындарынан да, үздіксіз түрде арылып отырады.

        Иммунитет пен айыршықты без. Адамның денесі шамамен 1-10 миллиард генотиптік ұқсас жасушалардан тұрады. Жасушалардың бөлінуі кезінде әрбір милиионыншы жасушаның мутацияға ұшырайтынын ескеретін болсақ, адамның денесінде шамамен 10 миллиондай аномальді, ауытқушы жасушалар бар болып шығады. Иммунитеттің арқасында организм бөгде заттар мен құрылымдарды тез танып, жойып жібереді. Иммунитет ескірген жасушаларды, белоктарды, шлактарды шығарып, организмге қажетті белоктар мен жасушаларды, олардың ішінде белгілі бір топтағы қанның жасушаларын да, қайта қалпына келтіріп, екіқабат кезде бөгде денені сақтау арқылы организмнің өмірлік қызметін нығайтады.

        Бізді қоршаған ортада алуан түрлі патогендік микробтардың – вирустардың, бактериялардың, саңыраушалардың және көп жасушалы паразиттердің аса көп мөлшері бар. Олар адам ағзасына ауру әкелуге аса қабілетті. Алайда бізді сондай патогендік микробтардан сақтайтын иммундік жүйенің арқасында көптеген инфекциялар қысқа мерзімде денсаулыққа аса үлкен зарар келтірмей өтіп кетеді. Бұл тұрғыда иммундік жүйенің ең басты міндеті инфекциялық агенттерді жойып, олардың ағзаға келтіретін зиянын азайту боп табылатындығына баса назар аудару қажет. Осы міндетпен айыршықты без де айналысады.

        Осы нәрселер аурудан емделудің себептерінің бірі, сондықтан да қара зере белгілі бір емдік қасиетке ие әрі аса қатерлі аурулардан басқа кесел түрлеріне қарсы теңдессіз ем болып табылады. Мұны жалғыз Алла Тағала ғана біледі. Бұл аурудан арылу мүмкіндігі абсолютті еместігін, аурудың сипаты мен ауырлығына, ағзаның дәріні көтере алуына, оның мөлшеріне, дайындау және қабылдау әдіс-тәсілдеріне байланысты көп не аз болуы мүмкіндігін көрсетеді.

        Ғылыми зерттеулер қара зеренің кез келген ауруға қарсы ем болуымен бірге иммунитетті нығайтатынын көрсетті.

        Айыршықты безді (thymus, glandula thumys) тимус немесе алқым безі деп те атайды. Тимус иммундік жауап берудің екі түрінде өз белсенділігін көрсетеді.

        а) Гуморальдік типтегі – антиденелерді өндіру реакцияларында. Антиденелерді шығаруға В-лимфоциттер жауапты.

        б) Жасушалық типтегі реакцияларда – орын ауыстырған бөгде талшықты күшпен жою үдерісінде. Трансплантаттың күш алу реакциясына Т-лимфоциттер жауапты.

        Мұның бәрі Пайғамбар (с.а.с.) хадисінде айтып өтілгендей адамдардың көптеген вирустарды, ауру тудырушы микробтарды жұқтыруы мүмкін екендігін, ал олардың ішінде иммунитеті әлсіздерінің ғана ауруға шалдығуы ықтималдығын дәлелдей түседі. Ал осы тұрғыдан алғанда қара зере денсаулықты қалпына келтіретін, адам ағзасының иммундік жүйесін нығайтатын, күш-қуат беретін бірегей емдік және сауықтыру құралы болып табылады.