Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Отбасы
        3. Мұсылман қызы, мұсылман емес ер адаммен неке қия алады ма?
        Мұсылман қызы, мұсылман емес ер адаммен неке қия  алады ма?

        Мұсылман қызы, мұсылман емес ер адаммен неке қия алады ма?

        Сауал: Мұсылман қызы, мұсылман емес ер адаммен неке қия  алады ма? 

        Жауап:

        Құрметті Балсұлу! Мұсылман әйел баласының мұсылман емес ер адаммен неке қиюы шариғатқа қайшы іс болып табылады.

        Себебі Алла Құран Кәрімде:"Мүшрік қатындармен олар иман келтіргенге дейін үйленбеңдер. Азат мүшрік қатыннан мүмін күң артық. Егер сендерді қызықтырса да. Және иман келтіргенге дейін, мүшрік ерге мүмін әйелдерді де үйлендірмеңдер. Егер олар сендерді қызықтырса да. Мүшрік азат ерден мүмін құл артық. Олар, тозаққа шақырады да, Алла өз ұйғаруымен жаннатқа шақырады. Сондай-ақ адамдар үгіт алсын деп, аяттарын баян етеді[1]»,-дейді. Міне осы аят негізінде ғалымдар мұсылман әйел баласының өзге діндегі ер-азаматпен некелесуін харам деп үкім шығарған. Сондай-ақ өзге діндегі кісі мұсылман әйелдің діни құқықтарын шектейді. Бастысы христиан немесе яһуди пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын!), оған түскен Құран Кәрімге және дініне иман келтірмейді. Тіпті тіл тигізіп балағаттауы да мүмкін. Сол себепті мұсылман әйелдің мұсылман ер кісіге күйеуге шыққандығы шариғи тұрғыдан жөн болып саналады.

        Құрметпен,  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі. 

        [1] Бақара сүресі, 221 аят.