Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. Қаза намаздарымды қалай өтеймін?
        Қаза намаздарымды қалай өтеймін?

        Қаза намаздарымды қалай өтеймін?

        Ассалаумагалейкум. мен намазды енди бастап журмін. Неше жылғы каза намаздарымды кунде бир уакытта жинап оқып журсем болады ма, болмаса баска онай жолын айтсаныздар. рахмет.

        Жауап: Уағалейкумуссалам! Құрметті Сәбит! Алла ісіңізге жеңілдік берсін! Мұсылман кісі қандай да бір жағдайға байланысты намазын қаза етіп алса, намазды есіне түскен кезде өтейді. Алайда қаза намаздары тек мына үш уақытта өтелмейді:

         1. Күн шыққаннан бастап, найза бойы көтерілгенге шейін.

         2. Тапа тал түсте.

        3. Күн қызарып бата бастағаннан түбегейлі ұясына кірген уақытқа дейінгі аралық.

        Міне осы үш уақыттан өзге уақыттарда қаза намаздарын өтеуге рұқсат.    

        Аталмыш үш уақытта намаз оқуға болмайтындығы имам Муслим (Алла оны рақымына бөлесін!) сахих жаниғында риуаят еткен төмендегі мына хадис дәйек бола алады.

         ثلاث ساعات كان رسول الله صلى الله عليه وسلم ينهانا أن نصلي فيهن أو أن نقبر فيهن موتانا حين تطلع الشمس بازغة حتى ترتفع وحين يقوم قائم الظهيرة حتى تميل الشمس وحين تضيف الشمس للغروب حتى تغرب 

        «Мына үш уақытта Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз оқуға және мәйіттерімізді қабірге көмуімізге тыйым салды (жаназа намазы): Күн шыға бастағаннан көтерілгенге дейін, тапа тал түсте зәуәл уақытына дейінгі  және күн бата бастағаннан, ұясына кіргенге шейінгі уақыт»[1] 

        Сондықтан өзіңізге ыңғайлы уақытты тауып белгілі бір мәкрүһ емес уақытта бір күндік қаза намаздарыңызды жинап оқуға болады. Немесе бөліп-бөліп мәкрүһ емес уақыттарда оқуыңызға болады. Сонымен қатар сайтымыздағы «Қаза намаздар қалай өтеледі» деген сұрақ жауапты оқуға кеңес береміз.

        Құрметпен,  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.


        [1] Имам Мүслім, Китабу Салатил-Мусафирин №831