Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Күнәлар
        3. Гомосексуалдылықтың шариғи үкімі
        Гомосексуалдылықтың шариғи үкімі

        Гомосексуалдылықтың шариғи үкімі

        Ассалаумағалейкум! Ауыр күнәләр арасындағы Лиуата күнәсінің мағынасы қандай?

         Жауап: Уағалейкумуссалам!  Еркектің еркекке жақындауы лиуата деп аталады. Яғни гомосексуалдық. Гомосексуалдылық адамның өзіменен бір жыныстағы тұлғаларға эмоциалдық немесе сексуалдық сүйсінуі, бір жынысты адамдардың табиғи заңнан тысқары жақындасуы. Бұл термин ер адамдарға ғана қолданылады, ал лесбийшілік - әйелдер арасында[1].

        Алла Тағала лиуатаның хабис (жаман) әрекет екенін білдірген.

         " وَلُوطًا آتَيْنَاهُ حُكْمًا وَعِلْمًا وَنَجَّيْنَاهُ مِنَ الْقَرْيَةِ الَّتِي كَانَت تَّعْمَلُ الْخَبَائِثَ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمَ سَوْءٍ فَاسِقِينَ"

         «Лұт (Ғ.С.) қа хикмет, ғылым бердік. Жаман істер істейтін (лиуата жасаумен айналысатын) кенттен құтқардық. Рас олар, жаман бұзық ел еді»[2].

        Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: «Лиуата жасаған адам– малғұн (лағнеттелген)»,-дейді[3].

        Ханафи мәзһабының ғұламары бұл күнәлі істің жазасы жайында былай дейді.

        وَلَوْ وَطِئَ امْرَأَةً فِي دُبُرِهَا أَوْ لَاطَ بِغُلَامٍ لَمْ يُحَدَّ عِنْدَ أَبِي حَنِيفَةَ - رَحِمَهُ اللَّهُ تَعَالَى - وَيُعَزَّرُ وَيُودَعُ فِي السِّجْنِ حَتَّى يَتُوبَ وَعِنْدَهُمَا يُحَدُّ حَدَّ الزِّنَا فَيُجْلَدُ إنْ لَمْ يَكُنْ مُحْصَنًا وَيُرْجَمُ إنْ كَانَ مُحْصَنًا،

          «Егер ер кісі әйел адамның артынан жақындасса немесе ер кісі бозбаламен жақындасса имам Әбу Ханифаның (Алла оны рақымына бөлесін!) көзқарасы бойынша зина жазасы берілмейді, Арнайы қази тарапынан жаза беріледі. Тәубе еткенге дейін абақтыға жабылады. Ал имам Әбу Юсуф пен имам Мұхаммедтің (Алла екі имамызды да өз рақымына бөлесін!) көзқарасы бойынша зина жазасы беріледі. Яғни жақындасқан ер кісі бойдақ болып шықса дүре[4] соғылады. Ал үйленген кісі болса, рәжм (тасборан)[5] жазасы беріледі»[6].

        Құрметпен,  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.

        [1] Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – 569 б
        [2] Әнбия сүресі, 74 аят.
        [3] Хадисті имам Ахмед ибн Ханбал риуаят еткен.
        [4] Бойдақ ер кісі мен әйел үшін зина жазасы жүз дүре екендігі Құран Кәрімде айтылған. Қараңыз, Нұр сүресі 2 аят.
        [5] Бұл жаза түрін жүзеге асыру үшін ислам мемлекетінің болуы шарт.
        [6] әл-Фатауа әл-һиндия, 2 том, 150 бет.