Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Фиқһ
        3. Истинжа дегеніміз не?
        Истинжа дегеніміз не?

        Истинжа дегеніміз не?

        Сұрақ: Истинжа дегеніміз не?

        Жауап: 

                                      Истинжа

         С: Истинжаның үкімі қандай?

        Ж: Истинжа – сүннет іс. Ол – кесек, тас және осыларға ұқсас нәрселермен нәжіс шыққан жерді тазарту. Үш қайтара істеу абзал. Сумен жуып тазартқан дұрысырақ. Егер де денеден шыққан нәжіс шыққан жерінің көлемінен асып кетсе тас, кесек сияқты нәрселермен истинжа қылуға болмайды, мұндайда сумен жуу парыз.

        С: Истинжа етуге болмайтын нәрселер қандай?

        Ж: Оң қолмен, сүйекпен тезекпен, тамақпен, бағалы заттармен истинжа қылуға болмайды.

        С: Түзде не әжетханада қажетін өтеуге отырғанда құбылаға қарап немесе теріс қарап отыруға бола ма?

        Ж: Қай жерде болсын, құбылаға қарап не сыртын беріп дәрет сындыру мәкруһ.

        С: Қандай жерде дәрет сындыруға болмайды?

        Ж: Суға, көлеңкелі ағаштың астында, демалыс орындарында, жел жақтан, жәндіктердің індеріне. Сондай-ақ, кіші дәретті түрегеп тұрып сындыруға болмайды.