Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Отбасы
        3. Мен жас жігітпін, менің ата анам мені үйлендіруге міндетті ме ?
        Мен жас жігітпін, менің ата анам мені үйлендіруге міндетті ме ?

        Мен жас жігітпін, менің ата анам мені үйлендіруге міндетті ме ?

         Сұрақ: Мен жас жігітпін, менің ата анам мені үйлендіруге міндетті ме ?

         Жауап: Үйлендіру – ата-ананың борышы

        Ондаған жылдар бойы құдайсыздар билік құрған материалистік идеологияның көлеңкесінде болып келген қазақ қоғамында мұсылмандық таным мен нанымға, әдет-ғұрыпқа мүлде сәйкес келмейтін керағар, кертартпа әдеттер пайда болды. Солардың бірі – өмірлік жар таңдау атты маңызды мәселенің ешбір тәжірибесіз, балаң да албырт жігіттер мен ештеңеден қаперсіз қыздардың өздеріне қалдырылып, осы жауапкершілікті ата-аналардың мүлде сезінбеуі деуге болады. Бұл мәселеде ата-аналардың басым бөлігі «жастар өздері білер, өздері шешер», немесе «өзі ұнатқанын алсын, ұнатқанына шықсын» деген пікірді ұстанады. Мұның арты кейбір кездері орны толмас өкініш тудырып жататыны жасырын емес. Ал шынтуайтына келсек, шариғат заңы бойынша ұлына лайықты келін, қызына лайықты жар тауып беріп үйлендіру – ата-ананың бала алдындағы борыштарының бірі.

        رَوَى البَيْهَقِيُّ عَنْ أَبِي سَعِيدٍ وَابْنِ عَبَّاسٍ قَالَا قَالَ رَسُولُ اللهِ: «مَنْ وُلِدَ لَهُ وَلَدٌ فَلْيُحْسِنِ اسْمَهُ وَأَدَبَهُ، فَإِذَا بُلِغَ فَلْيُزَوِّجْهُ فَإِنْ بُلِغَ وَلَمْ يُزَوِّجْهُ فَأَصَابَ إِثْمًا فَإِنَّمَا إِثْمُهُ عَلَى أَبِيهِ».

        Имам Байһақидың сахабалар Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) мен Ибн Аббастан (р.а.) жеткізген бір риуаятында Алланың елшісі (с.а.с.): «Кімнің баласы туылса оған жақсы ат қойсын, жақсы тәрбие берсін, балиғат жасына жеткенде үйлендірсін. Егер балиғат жасына жеткенінде оны үйлендірмей, ол күнәға ұрынып қалса, оның күнәсы әкесіне жазылады», – деген.

        Пайғамбар (с.а.с.) басқа бір хадисінде былай дейді: «Балалардың әке-шешесіндегі ақысы үшеу:

        1.Туылғаннан кейін жақсы есім беру.

        2.Балиғат жасына келгенде Алланың Кітабын үйрету.

        3.Үйлену шағына жеткеннен кейін үйлендіру».