Денеден тыс ұрықтандырудың үкімі
Ассаламуғалейкум! экстракорпоральды, яғни, денеден тыс ұрықтандырудың шариғи үкімі қандай? Самат.
Жауап: Уағалейкумуссалам! Құрметті Самат! Экстракорпоральды ұрықтандыру дегеніміз ананың ағзазынан тыс аналық клетканы ұрықтандырып, өсіп жетілген ұрықты (эмбрионды) жатырға орналастыру дегенді білдіреді. Оның бірнеше кезеңдері бар. Кезеңдері жайлы толық мағлұматты http://anamenbala.kz/1728 сілтемесінен көре аласыз. Шариғи үкіміне тоқталар болсақ, әйел табиғи жолмен бала көтере алмаған жағдайда рұқсат етіледі. Алайда мына шарттар міндетті түрде орындалуы қажет:
а. Тек некелескен күйеуінің ұрығын қолдану.
ә. Өңдеуден өткен ұрық жұмыртқа, клеткасы алынған әйелінің жатырына салынуы керек. Яғни құрсақ ананы (суррогат ананы) қолдануға болмайды.
Құрметпен, ҚМДБ, Шариғат және пәтуа бөлімі.