Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Халифа Әбу Бәкірдің кезінде жинақталған Құран парақтары қайда кетті?
        Халифа Әбу Бәкірдің кезінде жинақталған Құран парақтары қайда кетті?

        Халифа Әбу Бәкірдің кезінде жинақталған Құран парақтары қайда кетті?


        Халифа Әбу Бәкірдің кезінде жинақталған Құран парақтары қайда кетті?

        Ол Құран аяттары мен сүрелері жинақталған парақтардың Әбу Бәкір мен Омар дүниеден өткеннен кейін Хафса анамызда болғандығы және одан басқа Құран кітаптарын көшіру үшін Османның алдырып, кейіннен қайтарып бергендігін жоғарыда айтылды. Осылайша ол жинақ Хафсаның үйінде сақтаулы тұрады. Кейіннен Ислам мемлекетінің басшысы Маруан ибн Хакам Хафсадан ол кітапты өртеп жіберу үшін өзіне беруін өтінеді. Бірақ Хафса анамыз оның өтінішін қабылдамай тастайды. Хафса анамыз дүниеден өткеннен кейін ол кітап інісі Абдуллаһ ибн Омарға[1] өтеді. Хафсаның қайтыс болғандығы және ол жинақтың Абдуллаһ ибн Омардың қолында екендігін естіген Маруан ибн Хакам оған адам жіберіп, оған да өтініш білдіреді. Абдуллаһ ибн Омар онымен келісіп, Әбу Бәкірдің жинағын беріп жібереді. Сөйтіп Маруан ол жинақты өртетіп жібереді.[2] Ол: "Бұл парақтардағы жазылғандар көшірілді, жатталды. Уақыт өте адамдар бұл парақтарға күдікпен қарауы мүмкін деген қауіп менің осындай қадам жасауыма себеп болды", – деген.[3]


        [1]Хафса мен Абдулла Омар ибн әл-Хаттабтың туған балалары болатын. Яғни Хафса Абдуллаһтың туған әпкесі еді.

        [2]Кейбір деректердегі мәліметтер бойынша, Маруан әуелі оны жыртып, сосын сумен жуып, ақырында отқа жағып жіберген (Мұхаммед Абдул-Азим әз-Зурқани. Манаһил әл-Ирфан фи улум әл-Құран. І том, 476-бет).

        [3]Ибн Әб Дауд әс-Сижистани. Китәб әл-масахиф. Баспаға әзірлеген Мұхаммед ибн Абдуһ. – Каир, әл-Фаруқ әл-хадиса. 2002. 103-бет.