Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Сүрелер қандай тақырыптар қамтыған?
        Сүрелер қандай тақырыптар қамтыған?

        Сүрелер қандай тақырыптар қамтыған?

        Сүрелерде қамтылған тақырыптар

        Сүрелер ұзындығы мен қысқалығына қарай әртүрлі болып келеді. Соған қарай онда қамтылған тақырыптар да әртүрлі болады. Көбінесе қысқа сүрелерде бір ғана тақырып қамтылады. Ал ұзын сүрелерде кейде бір тақырып жан-жақты қамтылса, кейде бірнеше тақырыптар қамтылады. Мысалы, "Ықылас" сүресінде бір тақырып, яғни тек Алла тағаланың негізгі сипаттары қамтылған. "Тәббәт" (Мәсәд) сүресінде Әбу Ләһәб пен әйелінің діннен бас тартқандығы және оның жазасы қамтылған. "Нәбә" (Амма) сүресінде өлгеннен кейін қайта тірілетін күн туралы жан-жақты қамтылған. Алдымен ол күн жайлы адамдардың бір-бірінен сұрайтындықтары, ол туралы әртүрлі пікірде болулары баяндалады. Ақыреттегі мүміндерге арналған жаннатың сипаттары мен кәпірлерге арналған тозақтың азаптары туралы сөз болады. Сүре ол күнге иман келтірмегендердің сол күн өкініштер өзектері өртенетіндігін баяндаумен аяқталады. Ал "Абаса" сүресінде бірнеше тақырыптар қамтылады. Мысалы, бұл сүреде Ислам дінін қабылдағысы келген адам мен одан бас тартқан адамның жағдайы, Құран Кәрімнің дәрежесі, кәпірдің қасарысуы, қайта тірілудің дәлелдері және қиямет күнгі адамдардың жағдайлары қамтылған.