Әсбәб ән-нузулді білу жолы қандай жолдары бар?
Әсбәб ән-нузулді білу жолы
Құран Кәрімнің сүрелері мен аяттарының
түсу себебін, сол заманда өмір сүрген, уахидің
Пайғамбарға (ﷺ)
қалай келіп тұрғандығының куәгерлері
болған сахабалардан (Алла оларға разы болсын) жеткен сахих
риуаяттар арқылы ғана білеміз. Біз Құран
аяттарының мағыналарына үңіліп, өз ойымыздан
немесе іздену, зерттеу арқылы оның түсу себебін анықтай
алмаймыз. Өйткені Алла елшісі (ﷺ): "Өздерің білетіннен басқа
менің атымнан әңгіме айтудан қорқыңдар.
Себебі кімде-кім менің атымнен әдейі жалған сөйлесе,
өз орнын тозақтан дайындай берсін. Кімде-кім
Құранның атынан білімсіз сөйлесе, ол да өз орнын
тозақтан дайындай берсін", – деген.[1] Екінші
риуаятта "Кімде-кім Құранға қатысты өз
ойымен сөйлесе" деп келген. Сондықтан уахидің
түсуінің куәгері болған сахабалардан жеткен риуаяттар
ғана аяттың түсу себебін білудің бірден-бір жолы болып
табылады және өз ойынан пікір айтуға рұқсат
етілмейді.[2]
[1]Абдулла
ибн Аббастан имам әт-Тирмизи риуаят еткен.
[2]Мұхаммед
Абдул-Азим әз-Зурқани. Манаһил әл-Ирфан фи улум
әл-Құран. І том, 152-153-беттер.