Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Фиқһ
        3. ШЕК БЕРУ ДҰРЫС ПА?
        ШЕК БЕРУ ДҰРЫС ПА?

        ШЕК БЕРУ ДҰРЫС ПА?

         

        Шек беру деп қайтыс болған адамдарға арнап Ораза айты мен Құрбан айттан бұрын мал сойып,  туған-туыс жақындарын шақырып құран  бағыштауды айтады.


        Зулхижжа айының алғашқы 10 күнінде жасалған амалдардың сауабы көп екендігі жайлы хадистерде келтірілген. Шек беру де осы айда жасалатын ізгі амалдарға кіреді.


        Омар (р.а) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):


        قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «مامن أيّام أعظم عند الله سبحانه ولا أحب إليه العمل فيهن من هذه الأيام العشر، فأكثروا فيهن من التهليل والتكبير والتحميد»


        «Алла Тағаланың құзырында осы он күнде жасалған ізгі амалдан абзал әрі сүйкімді игі іс жоқ. Ендеше сол кезде тасбихты (субханалла), тахмидты (әлхамду лиллә), тахлилді (лә иләһа илләлла), тәкбірді (Аллаһу акбар) көбейтіңдер»[1], – деген.


        Сондықтан шек беріп, сауабын өлген кісіге бағыштау шариғатқа теріс емес.


        Дегенмен, қазіргі кезде құрбан айтынан бір күн бұрын мал сойып, шек беріп, айт күні құрбан шалмайтындар да бар.


        Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу-уәжіп. Сойылған мал «уәжіп құрбандық» боп есептелуі үшін Құрбан айт намазы басталған уақыт пен айттың үшінші күнгі ақшам намазы аралығына дейін жалғасады[2]. Бухари риуаят етілген хадисте:


        مَنْ ذَبَحَ قَبْلَ أَنْ يُصَلِّيَ فَلْيُعِدْ


        «Кімде-кім айт намазынан бұрын құрбан шалған болса, құрбаның қайта шалсын!»[3], – делінген. 


        Ендеше, Құрбан айттан бір күн бұрын шек беру мақсатында мал сойған кісі тұрмысы төмен болса,  Құрбан айты келгенде қайта құрбан шалуының қажеті жоқ. Ал, бақуатты кісі айт күнінде қайта «уәжіп құрбан» шалуы тиіс.

         



        [1] Ахмад №6154

        [2] Ислам ғылымхалы 472-473 бет

        [3] Бухари №5241