Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ақида
        3. "Насафи ақидасы" мәтіні 2
        "Насафи ақидасы" мәтіні 2

        "Насафи ақидасы" мәтіні 2

        Жалғасы бар.

        Заттың ақиқаты және оны танудың білім қайнаркөздері жайлы.

        والخبرُ الصادق على نوعين: أحدهُما الخبرُ المتواترُ، وهو الخبرُ الثابت على ألسنةِ قوٍم لا يُتصورُ تواطؤهُم على الكذب وهو موجب للعلم الضروري كالعلم بالملوك الخالية في لأزمنةِ الماضيةِ والبُلدان النائيةِ والثاني) خبرُ الرسول المؤيَّدِ بالمعجزةِ، وهو يُوجبُ العلمَ الاستدلاليَّ، والعلمُ الثابت بهِ يُضاهي العلمَ الثابت بالضرورةِ في التيقن والثباتِ.

         4. Шын хабардың екі түрі болады. Әуелгісі «мутауатир хабар» деп аталады. Мутауатир хабар дегеніміз «жалған сөйлеуге келісіп алулары мүмкін болмаған бір топтың тілінде жеткен нақты хабар». Мұндай хабар түрі «зарури[1]» білім (мағлұмат) қалыптастырады. Мәселен, шалғай мемлекеттерге және бұрын ғұмыр кешкен патшаларға қатысты хабарлар секілді.

        Екіншісі, «мұғжизалар[2] арқылы пайғамбарлығы дәлелденген кісі жеткізген хабар». Мұндай хабар түрі «истидлали[3]» білім (мағлұмат) қалыптастырады. Әрі осындай жол арқылы келген хабар нақтылығы және сенімділігі тұрғысынан зарури білімге (мағлұматқа) ұқсайды.

         

        وأما العقلُ: فهو سببٌ للعلِم أيضًا، وما ثبت منه بالبديهةِ فهو ضروريٌّ كالعلم بأنَّ كلَّ الشىءِ أعظمُ من جزئِهِ، وما ثبت منهُ بالاستدلال فهو اكتسابيٌّ.

        5. Ақылға келетін болсақ, ол да білім қайнаркөздерінің бірі. Ақыл арқылыбәдиһи[4]жолмен қалыптасқан нәрсе де зарури білім[5] (мағлұмат) болып табылады. Мәселен, «кез келген бүтін нәрсе өз бөлшегінен үлкен» деген үкім тәрізді. Истидлалға[6] негізделіп қалыптасқан ақыл үкімі «иктисаби»[7] деп аталады. 

        والإلهامُ ليسَ من أسباب المعرفةِ بصحةِ الشىءِ عندَ أهل الحقِّ،

        6. Әһлул-Хақтың көзқарасы бойынша «илһам»[8] қандай да бір нәрсенің дұрыстығын көрсетін таным құралына жатпайды.

        Аударған әрі түсініктеме берген Бауыржан Әлиұлы.

        Жалғасы бар.



        [1] Бірізділікпен риуаят етілген дәйекті, нақты мағлұмат білдіреді.

        [2] «Мұғжиза» – сөзінің мағынасы араб тілінде шарасыз, әлсіз, дәрменсіз қалдыру дегенге саяды. Пайғамбардың пайғамбарлығын растайтын дәлелі – мұғжиза. Мұғжиза Алла тарапынан жүзеге асырылып, пайғамбардың қалаған сәтінде көрсету және айтуы мүмкін болған табиғат заңдылығына қайшы келетін тосын құбылыс. Мұғжиза пайғамбардың пайғамбарлығын жалғанға шығарған сәтте, оның елшілігінің хақтығына көз жеткізу мақсатында Алла Тағаланың қалауымен жүзеге асады. 

        [3] Дәлелдемеге негізделетін мағлұмат қалыптастырады. Яғни, мұғжизалар арқылы пайғамбарлығы дәлелденген кісі жеткізген хабар екендігі дәлелді қажет ететіндіктен осылай аталған.

        [4] Аса үлкен ыждыхаттылықты қажет етпейтін, пікір жүгіртпестен, тәжірибеге сүйенбестен әрі ғылыми талдау жасамастан қалыптасатын нақты мағлұмат.

        [5] Мұндағы зарури білім түсінігі екі мағынаны қамтиды. Әуелгісі ешқандай ақли тұрғыдан күш жұмсамай, қалыптасатын мағлұмат. Мәселен, кісінің өзінің бар екендігін білуі. Екіншісі кісінің үстірт пікір жүгіртуімен қалыптасатын мағлұмат. Мәселен, кез келген бүтін нәрсе өз бөлшегінен үлкен болады деген үкім секілді.

        [6] Дәлелдемеге негізделіп қалыптасқан мағлұмат. Яғни белгілі бір деңгейде ой, пікір жүгіртуді қажет ететін таным түрі. Мәселен, түтіннің шығуы отты білдіреді деген секілді.

        [7] Сезім мүшелері немесе ақылға сүйеніп, белгілі бір деңгейде күш жұмсау арқылы қалыптасатын білім (мағлұмат).

        [8] Илһам  – аян. Алла тағаланың әулие, тақуа құлдарына беретін аяны. Мәселен пайғамбармыздың Омар ибн Хаттабқа қатысты мынадай бір хадисі бар. “Сендерге дейін өздері пайғамбар болмаса да, пайғамбарлар сияқты сөйлеген израил ұрпақтары болған. Егер менің үмбетімнің арасында сондай біреулер болса, олардың бірі Омар болар еді” деген (Муслим, Фадаилус-сахаба, 2.)