Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ақида
        3. "Насафи ақидасы" мәтіні 3
        "Насафи ақидасы" мәтіні 3

        "Насафи ақидасы" мәтіні 3

        والعالم بجميع أجزائه محدث، إذ هو أعيان وأعراض. فالأعيان ما له قيام بذاته، وهو إما مركب وهو الجسم، أو غير مركب كالجوهر وهو الجزء الذي لا يتجزأ. والعرض ما لا يقوم بذاته ويحدث في الأجسام والجواهر كالألوان، والأكوان، والطعوم، والروائح.

         

        7. Ғалам[1] өзінің барша бөлігімен бірге жаратылған болып табылады. Себебі ғалам «ғайндар» мен «ғарадтардан» құралған. Ғайн дегеніміз бар болуы өздігінен іске асатын нәрсе. Ол (бірнеше заттан) құралған болуы мүмкін. Сонда «дене» деп аталады. Ал кейде (бірнеше заттан) «жәуһар» секілді құралмауы мүмкін. «Жәуһар» деп отырғанымыз бөлінбейтін бөлшек. Ал «ғарад» дегеніміз бар болуы өздігінен жүзеге аспайтын, денелер мен жәуһарларда байқалатын түстер, болмыстар, дәмдер және иістер.

        والمحدث للعالم هو الله تعالى الواحد القديم الحي القادر العليم السميع البصير الشائي المريد

        8. Ғаламды жаратушы Алла Тағала болып табылады. Ол жалғыз, әзәли[2]. Ол құдіретті, тірі. Ол білуші, естуші, көруші. Ол қалаушы, ерік иесі.

        ليس بعرض، ولا جسم، ولا جوهر، ولا مصوَّر، ولا محدود، ولا معدود، ولا متبعض، ولا متجزءٍ، ولا متركب، ولا متناه

        9. Ол ғарад емес. Ол дене емес. Ол жәуһар емес. Оның бейнесі жоқ. Оның шегі жоқ. Оның реттік саны жоқ. Бөлшектерге бөлінбейді. Бөлшектерден құралмайды. Сондай-ақ денелерден құралмаған. Оның соңы жоқ.

        ، ولا يوصف بالماهية، ولا بالكيفية

        10.  Ол нелікпен[3] және қалайлықпен сипатталмайды.

        ولا يتمكن في مكان

        11. Сонымен қатар ол қандай да бір мекенге орнықпайды.

        ولا يجري عليه زمان

        12. Оған уақыт түсінігі жүрмейді.

        ولا يشبهه شيء

        13. Оған еш нәрсе ұқсамайды.

        ولا يخرج عن علمه وقدرته شيء.

        14. Оның білімі және құдіреті шеңберінен еш нәрсе шығып кетпейді.

        Аударған әрі түсініктеме берген Бауыржан Әлиұлы.

        Жалғасы бар.



        [1] Ғалам деп отырғаны Алладан өзге барша махлұқаттар.

        [2] Бастауы жоқ, әрі соңы жоқ.

        [3] Алла жайында «Ол не?» немесе «Ол қалай?» деген сұрақтар қоюға болмайды.