Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Құран оқыған кісі Раббысымен сөйлесіп, мінәжат жасайды ма?
        Құран оқыған кісі Раббысымен сөйлесіп, мінәжат жасайды ма?

        Құран оқыған кісі Раббысымен сөйлесіп, мінәжат жасайды ма?

        Құран оқыған кісі Раббысымен сөйлесіп, мінәжат жасайды.

        Сахаба Әнас (Алла оған разы болсын!) Пайғамбарымыздың (صلي الله عليه وسلم) былай деп айтқандығын риуаят етеді.

        «Араларыңнан біреу Раббысымен сөйлескісі келсе, Құран оқысын»[1].

        Құран Кәрімнің алғашқы сүресі «Фатиха» сүресінің «Мінәжат» деген атауы да бар[2].

        Әйгілі ғұлама имам Мунауи (Алла оны рақымына бөлесін!) былай дейді.

        «Мұның мағынасы, яғни Құран оқыған кісі Раббысымен сөйлеседі дегеннің мағынасы астарлы, ауыспалы мағынада меңзеліп тұр. Себебі Құран Кәрім Алланың құлдарына деген ұлы хабары болып табылады. Құран оқитын кісі Құран оқығанда: «Уа Раббым! Сен былай деген екенсін! Сен мұны былай деп түсіндірген екенсің» деп отырған секілді. Міне осы тұрғыдан ол Раббысына мінажат жасаушыға жатады[3]



        [1] Хадисті имам Хатиб Бағдади (Алла оны рақымына бөлесін!) риуаят еткен.

        [2] Тилауатил-Құранил-Мәжид, 60 бет.

        [3] Тилауатил-Құранил-Мәжид, 61 бет.