Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қабірді зиярат
        3. Қабір басында насихат айтуға болады ма?
        Қабір басында насихат айтуға болады ма?

        Қабір басында насихат айтуға болады ма?

        С: Қабір басында насихат айтуға болады ма?

        Ж:  Қабір басында насихат айту

        Нәуәуидің Риядус-Салихин кітабында мынадай хадис келтірілген. Әли (р.а.) былай деді: «Біздер бір жаназаны жерлеу үшін Бақиғул-Ғарқад мазарына келген едік. Пайғамбар (с.а.с.) алдымызға келіп отырды. Біз оның айналасына отырдық. Пайғамбардың (с.а.с.) қолында бір кішкене таяғы бар еді. Онысымен жерді сызып отырған да, сосын бізге қарап: «Сендердің әрбіріңнің баратын орындарың тозақ па, әлде жәннат па – бәрі алдын ала жазып қойылған», – деді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулулла! Олай болса, сол жазылған нәрсеге арқа сүйеп жүре бермейміз бе?» – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Ізгі амал қылыңдар! Әркім қандай орын үшін жаратылған болса, сол орынға алып баратын істер ол үшін жеңілдетіледі», – деді». Бұхари, Мүслім риуаяты.

        Адамдарға насихат айтуда кейбір кездері ақиқатты анықтап жеткізіп айтатын мүмкіндіктер туылады. Солардың бірі жаназа және жерлеу рәсімі. Сондай уақыттарда айтылған үгіт ерекше мәнге, әсерге ие. Себебі, ондай кездері өлім адамдардың көз алдында тұрады да менменнің менмендігі басылып, ғибрат алады.

        1. Мазар басында үгіт және насихат қылуға болады.

        2. Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларға үмбетіне насихат айту және оларды ақиқаттан хабардар ету үшін әрбір мүмкіндікті жақсы пайдалана білетін еді.

        3. Алла Тағала барлық нәрсені білуші. Алла Тағала үшін алдыңғы және кейінгі оқиға-хадистердің айырмашылығы жоқ. Әрбір адамның өмірінің соңы қалай болатынын да Алла біледі.

        4. Әрбір адам өмірінің соңында қандай орынды иемденетінін Алла Тағала ғана біледі. Егер пенде иманды немесе имансыз, жұмақтық немесе тозақтық болып жаратылған болса, сол нәрсеге сәйкес келетін істер оған жеңіл етіп қойылады.