Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Жыныстық мүшені ауыстыруға болады ма?
        Жыныстық мүшені ауыстыруға болады ма?

        Жыныстық мүшені ауыстыруға болады ма?

         

        Жыныстық мүшені ауыстырудың үкімі

         

        بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

        اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ

         

        Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.

        Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

        Қазіргі таңда аталық мүшені аналық мүшеге ауыстыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Шынтуайтына келгенде аталық мүшені аналыққа, аналық мүшені аталыққа ауыстыру тек  жыныс мүшелерін өзгертумен ғана шектеледі. Жыныс мүшесі ауысқан ер кісі түбегейлі әйелге айналып, етеккірі келіп аяғы ауыр болатындай деңгейге келмейді. Медицина мамандарының айтуынша ер кісі мүшесін екінші бір мүшеге ауыстырып, жасанды омырау қойғанымен, әйел кісінің гармондарын беру арқылы дауысын, сыртқы бейнесін өзгерткенімен түбегейлі әйелге айналып құрсақ көтеретін дәрежеге жетпейді. Оның еркектік биологиялық құрылымы сақталады. Өйткені оның жатыры да жұмыртқа клеткалары да жоқ. Сондай-ақ, әйел баласы жыныс мүшесін еркектік жыныс мүшеге ауыстырып, омырауларын алып тастағанымен гармон беру арқылы дауысын жуандатып, тіпті төсек қатынасына шамасы келгенімен, оның әйелге тән биологиялық гармондары толық өзгермейді. Өйткені оның бала көтертетін ұрығы жоқ.  

        Шариғи тұрғыдан бір мүшені екінші бір мүшеге ауыстыруға тыйым салынады. Оған төмендегі мына дәйекті дәлелдер дәлел болады.

        1) Бір мүшені екінші бір мүшеге ауыстыру Алла Тағаланың жаратқан жаратылысын өзгерткенмен тең. Алла Тағала мұндай өзгертулерді харам еткен. Ол жөнінде Алла Тағала шайтанның сөзін баяндап Құранда былай дейді:

          وَلآمُرَنَّهُمْ فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلْقَ اللَّهِ  

        «Оларға Алланың жаратылысын өзгертсін деп әмір етемін»[1].

        Абдулла ибн Масғуд (رضي الله عنه) Пайғамбарымыздың (صلي الله عليه وسلم) былай деп айтқандығын риуаят етеді.

         «Алла Тағала денеге сурет салушыны, сурет салғызғанды, қас терушіні, қас тергізгенді, (жас сәбиге ұқсау мақсатында) тістерінің арасын ашқандарды, Алланың жаратылысын өзгерткендерді лағнеттеді»[2].

        2) Шариғатта ер кісінің әйелге, әйелдің ер кісіге ұқсауына тыйым салынған. Абдулла ибн Аббас (رضي الله عنه): «Пайғамбарымыз (صلي الله عليه وسلم) әйелге ұқсаған еркектерді, еркектерге ұқсаған әйелдерді лағнеттеді»-деген[3]. Басқа бір риуаятта: «Пайғамбарымыз (صلي الله عليه وسلم) әйелдің киімін киген еркекті және еркектің киімін киген әйелді лағнеттеді»-деп келеді[4]

        3)  Мұндай жыныстық өзгертулер ер мен ердің, әйел мен әйелдің үйленуіне жол ашады. Ал шариғатымыз  мұндай сорақы істі харам еткен. Еркек пен еркек немесе әйел мен әйел жыныстық қатынасқа баруы Лут пайғамбардың (ғ.с.) қауымы жасаған сұрқия қылықтың жалғасы болып табылады.

        Дүниежүзілік мұсылман лигасына қарасты Ислами Фиқһи Академиясы өзінің он бірінші отырысында осы мәселе жөнінде: «Аталық жыныс мүшелері толық жетілген ер кісінің немесе аналық жыныс мүшелері толық жетілген әйелдің жыныс мүшесін қарсы тараптың жыныс мүшесіне ауыстыруы харам іс. Бұл үлкен күнәлардың қатарына жатады. Мұндай сорақы іске қадам басқан адам жазаға лайық болады. Өйткені бұл іс Алланың жаратқан жаратылысын өзгерткенмен тең»-деген шешім шығарған[5].

         Үкім:

         Жоғарыда келтірілген дәйекті дәлелдер негізінде шариғи тұрғыдан ер кісінің жыныс мүшесін әйелдің жыныс мүшесіне ауыстыруы немесе әйел баласының жыныстық мүшесін ер кісінің жыныстық мүшесіне ауыстыруы харам деп айтуға толық негіз бар.

         


        [1] Ниса сүресі, 119-аят.

        [2] Хадисті имам Мүслім риуаят еткен.

        [3] Хадисті имам Бұхари риуаят еткен.

        [4] Хадисті имам Әбу Дәуіт риуаят еткен.

        [5] Ислами Фиқһ Акедемиясы, 11 отырыс, Мекке қаласы, 1989 жылы қабылданған № 6 қарар.