Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қабірді зиярат
        3. Қабірді зиярат ету туралы хадистің мағынасы қандай?
        Қабірді зиярат ету туралы хадистің мағынасы қандай?

        Қабірді зиярат ету туралы хадистің мағынасы қандай?

        С: Қабірді зиярат ету туралы хадистің мағынасы қандай?

        Ж: Қабірді зиярат ету туралы хадистің мағынасы

        Ер кісілер үшін қабір зияраты мұстахаб, яғни сауапты амал. Ханафи мазһабында әйел кісілер үшін де қабірді зиярат етуге болатындығы айтылады. Тек шариғатқа сай келмейтін сорақы қылықтардан сақ болып, мұсылман мінез-құлқына, шариғат заңына, зиярат әдебіне сәйкес болуы шарт екендігі баяндалады.

        Ахмет Иззуддин әл-Байянун өзінің Таһарат және намаз үкімдері атты кітабының «Қабірлерді зиярат ету және олардың артынан дұға жасау» бабында былай дейді: «Қабірлерді зиярат етуге ер кісілер үшін рұқсат берілгені сияқты егер шектен шығу қаупі болмаса, ақыретті еске алып, өлімнен ғибрат алу үшін әйел кісілерге де рұқсат. Егер зиярат ету орындары бір күндік жол не одан да көп ұзақ қашықтықта болса, онда әйел кісінің жанында міндетті түрде күйеуі немесе еркек туысы болуы шарт».

        Демек, әйелдерге де қабірді зиярат етуге рұқсат етілген. Бірақ оның басты екі шарты бар. Біріншіден, олар бөгде ерлермен араласып, іріткі қаупін тудырмауы керек, екіншіден, олар мұсылман әдебі мен шариғат шарттарына сай келуі керек.

        Сондықтан қастарында күйеуі не еркек туысы болып, басы ашық не жартылай жалаңаш халде болмауы керек. Мұсылман әдебіне сай киініп, дауыстап жылап, жоқтамау керек.