Дұғаның қандай шарттары бар?
Дұғаның шарттары
Бір заттың не құбылыстың болуы соған тікелей қатысты нәрсені шарт дейміз.
Ал дұғаның қабыл болуының ең үлкен, ең маңызды шарттары төмендегідей:
Бірінші шарт: Ықылас-ынта. Ол – дұға мен оған амалды барлық күмән туғызатын нәрселерден таза орындау, барлық істі бір Аллаға тапсыру
Екінші шарт: ұдайылық. Бұл – тек дұғаның ғана емес, ғибадат түрлерінің барлығының да шарты.
Үшінші шарт: Алла тағалаға шын сенім мен дұғаның қабыл болуына анық илану.
Төртінші шарт: дұғаны жүректен шығару, Раббыдан қорқу, Алланың алдындағы мол сауаптан үміт етіп, жазаларынан жасқану.
Бесінші шарт: дұғаны нық шешіммен, ыждағаттылықпен, байсалдылықпен тілеу. Мұсылман Раббысына тілеу тілегенде айнымас нық шешіммен, ынты-шынтысымен беріліп дұға қылуы керек.