Азан және қаматтың үкімдері қандай?
Сұрақ: Азан және қаматтың үкімдері қандай?
Жауап:
Азан және қамат
С: Шариғатта азанның үкімі қандай?
Ж: Бес уақыт намаз бен жұма намазына азан айту бекітілген сүннет. Басқа намаздарға азан айтылмайды. Айт, сүннет, тасаттық , күн тұтылу, жаназа намаздарына азан айтылмайды.
С: Азанның сөздері қандай?
Ж: Азанның сөздері төмендегідей:
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!
Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ!
Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ!
Әшһәду әннә Мухаммадар-Расулуллаһ!
Әшһәду әннә Мухаммадар-Расулуллаһ!
Хаййа аләс-сала!
Хййа аләс-сала!
Хййа аләл-фәләх!
Хаййа аләл-фәләх!
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!
Лә иләһә иллаллаһ!
С: Мұнан басқа қосымша сөздер айтылмай ма?
Ж: Иә, таң намазының азанында «Хаййа аләл-фәләхтан» соң «Ассалату хайрум минән-нәум» деп екі рет айтылады.
С: Азан сөздерін жай бір қайталап, сосын екінші рет дауыстап қайталаса бола ма?
Ж: Әбу Ханифа мазһабында мұндай үрдіс жоқ.
С: Қамат қалай айтылады?
Ж: Адамдар жамағат намазына тұрған кезде азаншы азан сөздеріне «Қад қаматис-сала» сөзін қосып екі рет қайталап айтады.
С: Азан мен қаматтың айтылуындағы өзгешеліктер қандай?
Ж: Азанды созып, ал қаматты созбай, тездетіп айтады.
С: Құбылаға қарап тұрып айту керек пе?
Ж: Иә. Құбылаға қарап тұрып айту Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінен қалған.
С: Азан сөздерін айтқанда қозғалу керек пе?
Ж: Иә. Азаншының жүзі «Хаййа аләс-саланы» айтқанда солға бұру мұстахаб.
С: Азан айтқанда екі саусағын құлақтарына тығып тұрудың үкімі не?
Ж: Бұл азан айтудағы сүннет іс. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің азаншысы Біләлға (р.а.): «Даусыңның көтеріңкі шығуына себеп болады»,– деп осылай істеуді бұйырған.
С: Қаза болған намаздарға азан, қамат айтыла ма?
Ж: Қаза намаздарға азан айтылып, қамат түсіріледі. Көп намаздар қаза болып, бір уақытта оқылатын болса біріншісіне азан, қамат айтылады, қалғандарына қалауы біледі. Қаласа азан шақырады немесе қаматпен шектеледі.
С: Дәретсіз халде азан, қамат айтуға бола ма?
Ж: Азан шақыру мен қамат айтқанда дәреті болғаны дұрыс. Дәретсіз азан шақыруға болады, ал қамат айту мәкруһ. Сондай-ақ, азанды жүніп халінде шақыру мәкруһ.
С: Жүніп болған жағдайда азан, қамат айтудың үкімі қандай?
Ж: Азанын қайталап айту керек. Қаматы қайталанбайды.
С: Жас бала шақырған азан дұрыс бола ма?
Ж: Иә. Ақыл-есі түзу, естияр баланың азаны дұрыс болып есептеледі. Азанды қайталап айтудың керегі жоқ.
С: Намаз уақыты кірместен бұрын шақырылған азанның үкімі қандай?
Ж: Олай етуге болмайды. Ерте шақырылса қайтадан шақыру керек. Бірақ та Әбу Юсуф таң намазының уақыты кірместен бұрын азан айтуға рұқсат берген.