Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. БЕЙӘДЕП ФИЛЬМДЕРДІ КӨРУ КҮНӘ МА?
        БЕЙӘДЕП ФИЛЬМДЕРДІ КӨРУ КҮНӘ МА?

        БЕЙӘДЕП ФИЛЬМДЕРДІ КӨРУ КҮНӘ МА?

        Сұрақ: – Аллаға шүкір, күйеуім намазхан, бақытты отбасымыз. Алайда, бір қиындық болып тұрғаны. Жұбайым арагідік менен тығылып, ғаламтордан бейәдеп бейнекөріністерді көреді. Бірнеше рет үстінен түсіп, ұстап та алдым. Көрмеуге уәде бергенімен, сөзінде тұрмайды. «Енді жаман қылығыңа куә болсам, ажырасамын» дегеніммен, нәтиже шамалы. Не істеуге болады?

        Жауап: – Шариғатта қиянат деген түсінік бар. Егер әйел бөгде еркекке қараса, ата дініміздің рұқсат берген аясынан тыс сөйлессе, әрине, ол Аллаға және күйеуіне қиянат жасаған болып есептеледі. Ол әйелді күйеуі шариғат жолымен тәрбиелейді. Егер ер кісі бөгде әйелге қараса немесе орынсыз тілдессе, Аллаға қиянат жасаған болады. Әйелі оған тек қана насихат айтумен ғана шектеледі. Алла Тағала Құранда былай дейді:

        «(Мұхаммед (r) Мүміндерге айт: Бөгде әйелдерге қараудан көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Расында, Алла олардың не істегендерінен хабардар» («Нұр» сүресі, 30-аят).

        Ендеше, мұндай жағдайға тап болған ерлі-зайыптылар Алладан қорқып, отбасын сақтап қалуға міндетті.