АЛЛАНЫҢ ЕЛШІСІ (С.А.У.) ӨМІРІНДЕ АЗАН АЙТҚАН БА?
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінде неге бірде-бір азан айтпаған?
Жауап: Нурул-Абсар деген кітапта Найсабури былай деді, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінде бірде-бір азан айтпауының хикметі, егерде Пайғамбарымыз азан шақырса азанды естіген адамдар шақыруына жауап бермесе, жауап бермегені үшін діннен шығып қалуы мүмкін. Және де Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) одан да басқа жұмыстары көп болған. ʼИз бин Абдусалам айтады Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) егер бір істі істесе оны әрдайым орындау керек болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дінді жеткізумен машкұл болған. Сол себепті де Омар (р.а.) былай дейді: егер халифалық болмағанда еді азан айтар едім – деген. Және де Шаукани «Нейлул аутар» атты еңбегінде азан артық па имамдық па дегенде имамдық абзал деген. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) одан кейінгі халифалар имамдық еткен, азан айтпаған. Ахмад, Әбу Дауд, Термези (р.а.) келген хадисте:
" الإِمَامُ ضَامِنٌ ، وَالْمُؤَذِّنُ أَمِينٌ اللَّهُمْ أَرْشِدِ الأَئِمَّةَ ، وَاغْفِرْ لِلْمُؤَذِّنِينَ "
«Имам кепіл, ал азаншы – сенуге лайықты тұлға. Аллаһым, имамдарды туралыққа қой және азаншыларды кешіре гөр», - деп айтқанын жеткізген.