Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. САПАРДА ЕКІ НАМАЗДЫ ҚОСЫП ӨТЕУГЕ БОЛА МА?
        САПАРДА ЕКІ НАМАЗДЫ ҚОСЫП ӨТЕУГЕ БОЛА МА?

        САПАРДА ЕКІ НАМАЗДЫ ҚОСЫП ӨТЕУГЕ БОЛА МА?

        Сұрақ: Сапарда бесін мен екінті намазын қосып өтеуге бола ма?

        Жауап: Ханафи бойынша екі намазды қосып оқу тек қажылық кезінде, Арафа мен Муздалифада ғана рұқсат етіледі. Сапарда, тұрғылықты кезде екі намазды біріктіріп бір уақытта оқуға болмайды[1]. Өйткені, әр намазды өз уақытысында оқу парыз. Ол жайлы Алла Тағала Құранда былай дейді:

         إِنَّ الصَّلاةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَوْقُوتًا

        «Расында, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз етілді»[2]. Ал, хадистегі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарда екі намазды қосып оқыды дегеннің мағынасы: бірінші (бесін немесе шам) намазын ақырғы уақытына кешіктіріп барып оқиды да екіншісін (екінті немесе құптан) әуелгі уақытысында өтейді[3]Оған дәлел: Айша (оған Алла разы болсын) анамыз былай дейді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарда бесінді кешіктіріп екінті намазын алғашқы уақытында және шамды кешіктіріп құптанды әуелгі уақытысында оқыды»[4].

        Нафиғ және Абдулла ибн Уақидтан жеткен хабарда былай делінген: Ибн Омардың (ол екеуінен Алла разы болсын) азаншысы: «Намаз оқимыз ба? - дегенде, Ол: – Жүре бер, - деді. Тіпті шапақтың кетуіне аз ғана уақыт қалғанда (көлігінен) түсіп шамды оқыды. Кейін кішкене күтіп шапақ кеткенде құптанды оқыды. Сосын былай деді: Расында, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір жерге асығып тұрса, мен қалай істеген болсам солай істейтін еді...»[5].

         

         

         



        [1] Маусули, «әл-Ихтияр ли тағлили әл-мухтар» 1/136-137.

        [2] «Ниса» сүресі, 103-аят.

        [3] Асғад әс-Сағуржи, «әл-Фиқһу әл-Ханафию уә әдилләтуһу», 1/143.

        [4] Тахауи, Ахмад, Хәкім риуаят еткен, иснады хасан.

        [5] Әбу Дәуіт риуаяты, 1212.