Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қажылық
        3. ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ПАРЫЗДАРЫ, УӘЖІПТЕРІ ЖӘНЕ СҮННЕТТЕРІ
        ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ПАРЫЗДАРЫ, УӘЖІПТЕРІ ЖӘНЕ СҮННЕТТЕРІ

        ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ПАРЫЗДАРЫ, УӘЖІПТЕРІ ЖӘНЕ СҮННЕТТЕРІ

         

        Қажылықтың парыздары:

        1. Ихрам – Меккеге кіретін кезде қажылықты ниет етіп, ихрам киімін кию.
        2. Вуқуф – арапа күні бесіннен кейін Арафат тауында біраз тұру.
        3. Зиярат тауапы – құрбан айт күні немесе одан кейінгі екі күнде Қағбаны[1] жеті рет айналу.

         

        Қажылықтың уәжіптері:

        1. Құрбан айт күнінде таң намазынан кейін Мұздалифа деген орында біраз тұру.
        2. Айт күндері Жамрат деген үш орында тұрып, тас лақтыру.
        3. Сафа мен Маруа тауларының[2] арасында жүріп, жеті рет сағи ету.
        4. Айт күндері шашын кесу, не қысқарту.
        5. Садр тауапы, яғни жолға шығу алдында қоштасу тауапын жасау.

         

        Қажылықтың сүннеттері:

        1. Құдум тауапы, яғни алыстан келгендер үшін алдымен Қағбаны тауап ету.
        2. Тауаптың алғашқы үш айналымында рамл ету (керіле жүру), яғни иығын қиқаңдатып, қысқа адыммен басып, шапшаң жүру.
        3. Сағида белгілі жерден (жасыл белгіден) өткен сайын оң иығын ашып, жылдам жүріп өту.
        4. Айт күндері Мина тауында түнеу.
        5. Минадан Арафат тауына күн шыққаннан кейін шығу.
        6. Мұздалифадан Минаға күн шықпай бұрын шығу.
        7. Мұздалифада түнеу.
        8. Үш Жамратта кезекпен белгілі тәртіпте тас лақтыру[3].

         

        Парыз амалы міндетті түрде орындалуы тиіс. Орындалмай, қалып қойған жағдайда қажылықты келесі жылы қайта өтеу керек болады. Уәжіп амалы орындалмай қалса, қажылық есептеледі, бірақ айып жасағаны үшін, орнына құрбандық шалуға тура келеді. Ал сүннетті тәркі етсе, орнына ештеңе өтемейді, бірақ күнахар атанады.  

         

        [1] «Қағба» сөзі куб деген мағынаны білдіреді. Қағбаның биіктігі – 15 метр, солтүстік пен оңтүстік жағы – 10,1 метр, шығыс пен батыс жағы – 12 метр.

        [2] Екі таудың арақашықтығы 374 метр.

        [3] «Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/242.