Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қажылық
        3. ҚАЖЫЛАР АРАПА КҮНІ ОРАЗА ТҰТА МА?
        ҚАЖЫЛАР АРАПА КҮНІ ОРАЗА ТҰТА МА?

        ҚАЖЫЛАР АРАПА КҮНІ ОРАЗА ТҰТА МА?

          

         

        Қажылық кезінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза тұтқан не тұтпағандығы жайында түрлі сөз айтыла бастаған. Сонда көпшілікпен бірге Арапаға шыққан Абдулла ибн Аббастың өгей анасы Үммі Фадл Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүт беріп жібереді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны алып ішеді[1]. Сөйтіп оның ораза тұтпағаны мәлім болады.

        Осыдан мына үкім шығарылған:

        و من سنن الوقوفِ أن يكونَ مفطرًا

        «Арапада қажының аузы ашық болуы ­(ораза тұтпауы) – сүннет»[2].

        Ханафи мәзһабының кітаптарында қажылардың арапа күні ораза тұтып, халі әлсіресе, сол күннің оразасын тұтуы мәкруһ, делінген.

        و يكرَهُ صومُ عرفة بعرفات و كذا صومُ يوم التروية لأَنه يعجزُه عن أداء أفعال الـحج

        «Қажылардың арапа күні Арапада ораза тұтуы, сондай-ақ тәруия[3] күні ораза тұтуы мәкруһ. Өйткені, ол қажылық істерін орындауға адамды дәрменсіз етіп қояды»[4].  

        Абдулла ибн Омардан қажылық кезінде ораза тұту жайында сұрағанда, ол: «Мен Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), Әбу Бәкір, Омар және Османмен бірге қажалық жасадым. Олар арапа күні ораза тұтпады. Мен де ол күні ораза тұтпаймын және ораза тұтуды бұйырмаймын да, қайтармаймын да», – деген[5]

        Сонымен, қажылыққа бармаған адамның арапа күні ораза тұтқаны, қажылықты өтеп жүрген адамның есе ораза тұтпағаны – абзал.

         

        Хасан Аманқұлов



        [1] Бухари мен Муслим риуаят еткен.

        [2] «Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/293.

        [3] Зүл-хижжа айының сегізінші күніне сәйкес келеді, ал тоғызыншы күн ­– Арапа күні.

        [4] «Фәтауаи Қазихан», 1/128.

        [5] Нәсаи мен Тирмизи риуаят еткен.