ЕШБІР СЕБЕПСІЗ АЖЫРАСУ КҮНӘ МА?
Сұрақ: Себепсіз ажырасу күнә ма?
Жауап: Исламда ажырасу «талақ» деп аталады. Талақтың тілдік мағынасы; жіберу, бос қою. Ал
шариғаттағы мағынасы: «Ол – арнайы сөздермен некелік одақты бұзатын шариғи
үкімді білдіреді»[1].
Шариғатымызда талақ беру
құқығы ер кісіге берілген[2]. Талақ – шариғатта рұқсат
етілген[3].
Яғни, ерлі-зайыптылардың
арасында дау-дамай туып, татуласуға мүмкіндік болмаса ажырасуға жол беріледі. Бірақ,
өте зәру жағдай болмаса, мүмін адамның талаққа жүгінуі дұрыс емес. Өйткені
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
أَبْغَضُ الْحَلالِ إِلَى الله تَعَالَى الطَّلاقُ
«Алла Тағала халал еткен нарселерінің ішіндегі ең жек
көретіні – ол талақ»[4],
- деген.
Тағы бір хадисінде:
لعن الله كل ذواق، مطلاق
«Үйленіп, өзінің құмарын қандырғаннан кейін «талақ» берген
адамға Алланың лағынеті болсын»
- десе, келесі хадисте:
أيما امرأة سألت الطلاق من غير ما بأس لم ترح رائحة الجنة
«Қандай
да бір әйел ешқандай себепсіз немесе қажетсіз ерінен талақ сұрайтын болса, ол
әйелге жәннаттың иісі харам болады»[5], - дейді.
Жоғарыда келген хадистер
себепсіз талақ беру күнә екенін айқындайды. Сондықтан ерлі-зайыптылар нақты бір
себеп болмаса, айрандай ұйыған отбасының ойранын шығармауға барынша күш-жігерлерін
салулары керек.