Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. НАМАЗДАН БАСҚА ТАҒЫ ҚАНДАЙ ЖЕРЛЕРДЕ ДӘРЕТ АЛЫНАДЫ? ЖӘНЕ ОЛ ҚАНДАЙ АМАЛҒА ЖАТАДЫ?
        НАМАЗДАН БАСҚА ТАҒЫ ҚАНДАЙ ЖЕРЛЕРДЕ ДӘРЕТ АЛЫНАДЫ? ЖӘНЕ ОЛ ҚАНДАЙ АМАЛҒА ЖАТАДЫ?

        НАМАЗДАН БАСҚА ТАҒЫ ҚАНДАЙ ЖЕРЛЕРДЕ ДӘРЕТ АЛЫНАДЫ? ЖӘНЕ ОЛ ҚАНДАЙ АМАЛҒА ЖАТАДЫ?

         

        Сұрақ: Намаздан басқа тағы қандай жерлерде дәрет алынады? Және ол қандай амалға жатады?

        Жауап: Дәрет араб тілінде «таһарат», яғни тазалық деген сөзден шыққан. Оны бізде кіші дәрет деп те атайды. Дәрет алғанда екі қолы мен бетін жуады, аузы мен мұрнын шаяды, басына масих тартады, соңында екі аяғын жуады. Дәрет алудың парыз, уәжіп және нәпіл орындары бар.

        Парыз бен уәжіп үкімдері өтелуі міндет, ал нәпіл (мұстахап) әркімнің өз еркімен орындалатын сауапты іс саналады.

        Намаз оқығанда, нәпіл болса да, жаназа намазын өтегенде, тиләуат сәждесін жасағанда, Құран ұстау үшін, тіпті бір аят болса да, дәрет алу парыз.

        Қағбаны тәуап ету үшін дәрет алу – уәжіп.

        Дәретпен ұйықтау үшін, ұйқыдан оянғанда, әрдайым дәретті болу үшін, Аллаға жақын болу (құрбат) үшін, ғайбат, өтірік, қауесет және әрбір күнә істен кейін, әдепсіз өлең оқығанда, намаздан тыс бар даусымен қарқылдап күлгенде, өлікті жуындырғаннан кейін, мәйітті көтеру үшін, әр намазға (дәреті болса да), ғұсыл алудан бұрын, жүніп адам жеу, ішу және әйелімен қайта қосылу үшін, ашуланғанда, Құран оқу, хадис оқу және оны риуаят ету үшін, діни ілім үйренгенде, азан, қамат және құтпа оқығанда, Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зиярат етуде, Арапада тұрғанда, Сафа мен Маруа арасында жүргенде дәрет алу мұстахап саналады[1].



        [1] «Марақи әл-фалах», 69-72 беттер.