Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ораза
        3. КЛИЗМА, МҰРЫНҒА, ҚҰЛАҚҚА ДӘРІ ТАМЫЗУ
        КЛИЗМА, МҰРЫНҒА, ҚҰЛАҚҚА ДӘРІ ТАМЫЗУ

        КЛИЗМА, МҰРЫНҒА, ҚҰЛАҚҚА ДӘРІ ТАМЫЗУ


        Құлаққа дәрі тамызу оразаны бұзады. Себебі құлақ бен тамақтың арасында байланыс бар. Яғни дәрінің тамаққа өту қаупі бар. Ибн Абидин: «Құлаққа жуынып жатқанда су кірсе оразаны бұзбайды. Ал дәрі тамызса ораза бұзылады деп келтіреді .

         

        Ораза кезінде мұрынға дәрі тамызу мұрын мен тамақтың арасында байланыс болғандықтан дәрінің ішке кету қаупі көбірек. Ибн Абидин Роддул мухтар кітабында: «Егер клизма қабылдап немесе мұрнына дәрі тамызса оразасы бұзылып, тек қазасы өтеледі. Ал егер дәрі мұрынның ішінде қалып, ішке өтпесе оразаны бұзбайды. Өйткені оразаны бұзатын нәрсе дәрінің ішке жетуі», деген.

         

        Мысырдың пәтуа бөлімі де мұрынға шашқан дәрі (спрей) тамақтан өтсе оразаны бұзады. Ал егер тамақтан өтпесе оразаны бұзбайды деген. Сондықтан мұрынға дәрі тамызудың оразаны бұзу қаупі басымырақ болғандықтан мүмкіндік болса ауыз ашқанға дейін кешіктірген жақсырақ. Жоғарыда айтқанымыздай мұрынға шашқан дәрі тамақтан өтіп кеткен жағдайда тек сол күннің қазасын ұстап береді.

         

        Тік ішек арқылы ішке қандай да затты енгізу оразаны бұзады. Сол себепті клизма арқылы ішке су, дәрі жіберу тік ішек арқылы ішке енгендіктен оразаны бұзып, күніне-күн қазасын ұстап береді.