Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ораза
        3. АУЗЫ БЕРІК ӘЙЕЛГЕ ЕТЕККІР КЕЛСЕ НЕ ІСТЕЙДІ?
        АУЗЫ БЕРІК ӘЙЕЛГЕ ЕТЕККІР КЕЛСЕ НЕ ІСТЕЙДІ?

        АУЗЫ БЕРІК ӘЙЕЛГЕ ЕТЕККІР КЕЛСЕ НЕ ІСТЕЙДІ?

         

        Ақшам намазының азан айтылуына (яғни ауыз ашуға) бірер минуттар қалғанда әйел кісінің хайыз қаны келіп қалса, оразасын ашады ма әлде жалғастырады ма?

         

        Жалпы ақшам намазының азанына (ауыз ашарға) бірер минут қалса да хайыз қаны келіп қалса, ораза бұзылады. Кейін сол күннің оразасының қазасы өтеледі. Айша анамыз (Алла одан разы болсын):

         

        كانَ يُصِيبُنَا ذلكَ، فَنُؤْمَرُ بقَضَاءِ الصَّوْمِ، ولَا نُؤْمَرُ بقَضَاءِ الصَّلَاةِ.

        «Бізге бұл нәрсе (хайз) келгенде, оразаның қазасын өтеуіміз бұйырылып, ал, намаздың қазасын өтеуіміз бұйырылмаған», - деген.

         

        Демек, оразаға ниет етіп, ораза ұстап жүргенде күндіз хайыз қаны келіп қалса, тіпті ақшамға бірер минут уақыт қалғанда келседе ол күнгі ораза бұзылады.