Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ораза
        3. МӘНИ, МӘЗИ ЖӘНЕ УӘДИДІҢ ДӘРЕТ ПЕН ОРАЗАҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?
        МӘНИ, МӘЗИ ЖӘНЕ УӘДИДІҢ ДӘРЕТ ПЕН ОРАЗАҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

        МӘНИ, МӘЗИ ЖӘНЕ УӘДИДІҢ ДӘРЕТ ПЕН ОРАЗАҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

         

        Кейде бір кісілерде дәреттен кейін ақшыл сұйықтықтың бөлінетінін байқайды. Бұның дәрет пен оразаға қандай әсері бар?

         

        Зәрден кейін шығатын ақшыл-қою сұйықтық «уәди» деп аталады. Бұл нәжіс болғандықтан орны жуылып, дәрет алынады. Ал «мәзи» дегеніміз жыныстық қатынас жайлы ойлағанда бөлінетін ақшыл, жабысқақ сұйықтық. Бұл да нәжіс болғандықтан орны жуылып, дәрет алынады. Ибн Аббастан (Алла одан разы болсын) келген риуаятта осылай. Бұл «мәзи мен уәдидің» оразаға еш кедергісі жоқ. Ал «мәниге (ұрыққа)» келетін болсақ, жақындасқанда немесе соған байланысты түс көргенде шаһуатпен, атылып шығатын сұйықтық. Осыдан бала пайда болады. Осы сұйықтық шыққанда ғұсыл алу міндет болып және нәжіс болғандықтан жуылады.

         

        «Мұхтасар әл-Құдури» кітабында былай келеді: «Егер адам ұйықтап жатып түс көргендіктен жүніп болып қалса немесе бір әйелге қарап отырып мәни бөлінсе оразасы бұзылмайды. Ал, кім біле тұра әйелімен жақындасса немесе азық болатын, яки дәрі болатын затты ішіп жейтін болса оған қаза мен кәффарат міндет болады», делінген.