ЕТЕККІРІ ТОҚТАҒАННАН КЕЙІН ҒҰСЫЛ АЛМАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ОРАЗАСЫ
Етеккір кезінде әйелдерге ораза ұстауға болмайды әрі оразасы қабыл етілмейді. Ораза ұстауына кедергі – етеккір қаны. Алайда етеккір қаны тоқтауымен ораза ұстауына кедергіде тоқтайды. Мысалы, әйелдің хайызы яки нифас мерзімі түнде аяқталып, оразаға ниет етсе, таңертең жүніптіктен жуынбай ораза ұстаса, оразасы жарамды. Яғни, ораза ұстауға ниет ету үшін ғұсыл құйынып, жуыну шарт емес.
Сондай-ақ ер кісі түнде жүніп (бой дәретсіз) болып, таң ертең жүніп күйінде оянатын болса ораза ұстай береді. Таңертең жүніп күйінде оянса, оразасы бұзылмайды. Тек, намаз үшін ғұсыл алу керек болады. Яғни, оразаға ниет етіп жатып, түнде жүніп болып қалса, таңертең сәресін жүніп күйінде ішуге, немесе сәресіне үлгермей қалып ештеңе ішіп-жемей оразасын жалғастыра беруге болады.
Дегенмен, сәресіге үлгерсе ғұсыл алып сәресін ішкені абал. Алайда, таң намазын оқу үшін ғұсыл алуы міндетті.