Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. НАМАЗ ҮЛГІСІ КӨРСЕТІЛГЕН ЖАЙНАМАЗБЕН НАМАЗ ОҚУҒА БОЛА МА?
        НАМАЗ ҮЛГІСІ КӨРСЕТІЛГЕН ЖАЙНАМАЗБЕН НАМАЗ ОҚУҒА БОЛА МА?

        НАМАЗ ҮЛГІСІ КӨРСЕТІЛГЕН ЖАЙНАМАЗБЕН НАМАЗ ОҚУҒА БОЛА МА?

         

        Қазіргі кезде намаз үлгісі көрсетілген жайнамаздар кең таралуда. Оның ішінде Құран аяттары, Алланың есімдері, дұғалар бар. Мұсылман адам Құранды әрі шариғаттың белгілерін құрметтеуі тиіс. Кім Құранды құрметтесе Алла Тағаланы құрметтегені, ал кім оны кемсітсе, Алланы кемсіткен болады. Алла Тағала Құранда былай дейді:


         ذَلِكَ وَمَنْ يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِنْ تَقْوَى الْقُلُوبِ


        «Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса: күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан»[1].


        Омар (ол кісіден Алла разы болсын): «Құранды ұлықтаңдар»[2], – деген. 


        Ал жайнамаздың үстіне Құран аяттарын, дұғаларды жазу қасиетті рәміздерді елемеу, бағаламау болып саналады.


        Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде Құранды жерге, киімге, төсенішке, жастыққа және т.б. жазуға тыйым салған деректер жеткілікті. Соның бірі Амр ибн Шуғайыптан жеткен риуаятта: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құранды жерге жазуға тыйым салған»[3], – делінген.


        Себебі жерді барлығы аяғымен басып жүргендіктен, оған жазылған Құран аяқ асты болып кетуі мүмкін. Бұл Құранды құрметтемеуге алып барады. Ол үлкен – күнә[4].


        Кәмал ибн Һумам: «Құранды, Алла Тағаланың есімдерін дирһамға, михрабқа, қабырғаға және төсеніштерге жазу – мәкруһ»[5], – деген.


        Жоғарыдағы тыйым салынған деректер Құранның, шариғаттың белгілері аяқ-асты болып кетуіне байланысты келген. Сондықтан намаз үлгісі көрсетілген жайнамазбен намаз оқу аталмыш тыйымның құрамына кіреді.


        Оған қоса жаттамаған сүрелерді Құранға қарап оқу намазды бұзады[6] әрі суреттің үстіне сәжде ету мәкруһ саналады[7]. Қорыта айтқанда, мұндай жайнамазбен намаз оқуға болмайды.

         

         

         

         

         



        [1] «Хаж» сүресі, 32-аят.

        [2] Құртуби тәпсірі, 1/29.

        [3] Ибн Батта, «әл-ибәнә», 5/325. Әл-Мустағфири, «Фәдәйлу әл-Құран», 1/200. 

        [4] Әбу Убайд Қасим ибн Сәләм, «Фәдәйлу әл-Құран», 121.

        [5] Фәтху әл-қадир, 1/173.

        [6] Хашияту әт-Тахтауи, 336.

        [7] Нуру әл-идах, 112.