Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. МҰРТТЫ ҚЫРУ СҮННЕТ ПЕ?
        МҰРТТЫ ҚЫРУ СҮННЕТ ПЕ?

        МҰРТТЫ ҚЫРУ СҮННЕТ ПЕ?

         

        Жалпы мұртты басуға байланысты бірнеше хадистер келген. Соның бірінде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

         

        الْفِطْرَةُ خَمْسٌ: الْخِتَانُ، وَالِاسْتِحْدَادُ، وَقَصُّ الشَّارِبِ، وَتَقْلِيمُ الأَظْفَارِ، وَنَتْفُ الْآبَاطِ.

         

        «Бес нәрсе адамның болмысынан: сүндетке отыру, ұятты жерді түктен тазарту, мұртты қысқарту, тырнақ және қолтық түгін алу»[1], – дейді. Тағы бір хадисте:

         

        أَحْفُوا الشَّوَارِبَ   

         

        «Мұртты басыңдар»[2], – делінген.

         

        Хадистегі «أَحْفُوا» әхфу – сөзі мұртты түбіне дейін қысқарту мағынасын білдіреді[3]. Сонымен қатар кейбір риуаяттарда «أَنْهِكُوا» - әнһику[4], «جُزُّوا» - жуззу[5] деген етістіктерімен келген. Бұл екі етістіктің мағынасы қыру, басу дегенге саяды[6].

         

        Енді мұртты қыру сүннет пе, әлде қыру ма? Бұл ғұламалардың арасында тартысты мәселе.

         

        Имам Тахауи мәселеге қатысты бірқатар хадистерді келтіріп: «Бұл деректер мұртты қысқартқанға қарағанда қыру абзал екенін айқындайды. Сондай-ақ ақли тұрғыдан назар салсақ, қажылықта шашты қыруға әмір етті де, қысқартуға рұқсат берді. Демек шашты қыру оны қысқартудан абзал. Яғни қалаған адам шашын қысқартсын, қалағаны оны артығымен орындасын дегені. Әрине артығымен орындағаны (қырғаны) қысқартқаннан сауабы мол. Мұрттың үкімі де дәл сол секілді. Қысқарту жақсы, ал қыру одан да жақсырақ әрі абзал есептеледі. Бұл имам Әбу Ханифа, Әбу Юсуф, Мұхаммедтің пікірі»[7], – дейді.

         

        Ханафи мәзһабының көрнекті ғалымы ибн Абидин: «Мұртты қысқарту сүннет пе, әлде қыру ма? Бұл ғұламалардың арасында тартысты мәселе. Кейбір соңғы буын ғалымдарымыздың көзқарасы бойынша қысқарту сүннет. «Бәдәи ас-санаиғ» атты кітапта: «дұрысы осы пікір» делінген»[8], – дейді.

         

        Қорыта айтқанда, мұртты қысқарту сүннет. Мұртты апта сайын немесе он бес күнде қысқартып отырады. Ал қырық күннен асыру мәкруһ есептеледі.

         

         

        Бауыржан Әбдуәлі

        Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы



        [1] Бұхари, №5891. Муслим, №257.

        [2] Бұхари, №5892. Муслим, №259.

        [3] Ибн Әсир, ән-ниһәя, 1/410.

        [4] Бұхари, №5893.

        [5] Муслим, №260.

        [6] Фәтху әл-бәри, 10/346.

        [7] Шәрху әл-мәғани әл-әсәр, 4/29. Әл-ихтияр, 4/151-152. Фәтху әл-қадир, 2/398-399.

        [8] Радду әл-мухтар, 3/580.