Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Пәтуалар
        3. САУДА ЗАТТАРЫНЫҢ ЗЕКЕТІН ЗАТТАЙ БЕРУ ҮКІМІ
        САУДА ЗАТТАРЫНЫҢ ЗЕКЕТІН ЗАТТАЙ БЕРУ ҮКІМІ

        САУДА ЗАТТАРЫНЫҢ ЗЕКЕТІН ЗАТТАЙ БЕРУ ҮКІМІ

         

        بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

        اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ

         Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.

        Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

        Алла Тағала жағдайы бар мұсылман адамға зекет беруді парыз етті. Зекеттің түпкі мақсаты – мұқтаж жандардың қажеттілігін өтеу. Өйткені, «зекет – мұқтаж жанның қажетін өтейтін ғибадат»[1]. Сондықтан зекетті мал-мүліктің өзінен береді немесе оның құнын (ақшалай) төлейді. Барлық ханафи мазһабының кітаптарында:

        وجَازَ دَفْعُ القِيَم في الزَّكَاة و الكفَّارَة و العُشْر و النذْر

        «Зекет, каффарат, ғұшыр және нәзірді ақшалай өтеуге болады»[2], деген үкім бар. Негізінен, зекетті заттың құнымен өтеуге тыйым салатын нақты дәлел жоқ[3].

        ҮКІМ:

        Сауда заттарының зекетін ақшалай да, заттай да беруге болады. Бірақ берілген зекет мұқтаждың қажетін өтеуі тиіс. Егер мұқтаж жан зекетке берілген затты пайдасына жарата алмайтын болса, онда ақшалай беріледі. Егер зекет алушы адам ақшалай немесе заттай алуға бірдей мұқтаж болса, қажеттілігін өтеу тұрғысынан тиімдісін берген абзал.

        [1] «Әл-ғиная шарх әл-һидая», 2-том, 192-бет.

        [2] «Шарх әл-уиқая», 1-том, 207-бет.

        [3] «Әл-Умдат», 1-том, 276-бет.