ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
ҚАТЕЛЕСІП АҚШАМ НАМАЗЫНЫҢ АЗАНЫНАН БҰРЫН АУЫЗДЫ АШУ

 

Бір дауысты естіп оны ақшам намазының азаны деп ойлап аузын ашып қойса, содан кейін азан айтылса, оның үкімі қалай? Ораза бұзылыма?

 

Жауап: Оразаның уақыты белгілі. Алайда, уақыты бітпей ішіп-жеп қойып, артыннан уақыт кірмегенін білсе ары қарай ештеңе жеместен жалғастырады. Қателескені үшін күнә жазылмайды. Кейіннен сол күннің қазасы өтеледі.

 

 Әбу Бәкрдың қызы Әсмә (ол екеуіне Алла разы болсын) былай дейді:

 

أفطَرنا يومًا في رمضانَ في غَيمٍ ، في عَهْدِ رسولِ اللَّهِ صلَّى اللَّهُ علَيهِ وسلَّمَ ، ثمَّ طلعتِ الشَّمسُ، قالَ أبو أسامةَ : قلتُ لِهِشامٍ: أُمِروا بالقضاءِ ، قالَ : وبدٌّ مِن ذلِكَ

 

«Біз Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тірі кезінде Рамазан айында бұлтты күні ауыз ашқан едік, содан соң күн шықты. Әбу Усама мен Һишамға айттым: Сол күннің қазасын өтеуге бұйырылды ма дегенімде, Ия, ол күннің қазасын ұстап беруі міндетті»[1], – деді.



[1] Имам әл-Бұхари, 1959.

Наверх