Ғұламалар кеңесі

Ғұламалар кеңесі туралы

Е Р Е Ж Е

 

1. Жалпы ережелер

1. Ғұламалар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (бұдан әрі - ҚМДБ) жанындағы діни-ғылыми мәселелерді шешумен айналысатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

1.2. Кеңес өзінің қызметінде Құран Кәрімді, Пайғамбар хадисін, сүнниттік бағыттағы Әбу Ханифа мазһабы және имам Матуриди ақидасы ілімін, Қазақтан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, ҚМДБ Жарғысын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Кеңес өзінің қызметін ҚМДБ-мен, өзге де қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара қатынаста жүзеге асырады.

1.4. Кеңестің шешімдері ұсыныстық сипатқа ие.

Толығырақ
Ғұламалар кеңесі МҮШЕЛЕЛЕРІ
Жоғары