ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
ОРАЗАДА СӘРЕСІ ІШУДІҢ ҮКІМІ


Сәресі ішу дегеніміз – оразаға ниет еткен адамның таң атар алдында тамақтануы. Сәресі ішу мүстахаб (жақсы көрілген) амал. Бұл нәрседе ғалымдар арасында тартыс жоқ. Әнәс бин Мәлик (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

تَسَحَّرُوا فَإِنَّ فِي السَّحُورِ بَرَكَةً

«Сәресіге тұрыңдар, сәресіде берекет бар»  - деген.

 

Ал Амр ибн әл-Ас жеткізген хадисте:

فَصْلُ ما بيْنَ صِيَامِنَا وَصِيَامِ أَهْلِ الكِتَابِ، أَكْلَةُ السَّحَرِ

«Біздің оразамыз бен кітаб иелерінің оразасының айырмашылығы сәресіде»  деген.

 

Тағы бір хадисте:

لسُّحُورُ أَكْلَةٌ بَرَكَةٌ فَلا تَدَعُوهُ وَلَوْ أَنْ يَجْرَعَ أَحَدُكُمْ جَرْعَةً مِنْ مَاءٍ

فَإِنَّ اللَّهَ وَمَلائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى الْمُتَسَحِّرِينَ

«Сәресі тамағы – берекет. Бір жұтым су болса да оны тастамаңдар. Өйткені сәресіде тамақтанғандарға Алла рақым етіп, оларға періштелер кешірім тілейді», - дейді.

Бұл жайлы иман Нәуәуи: «Бұл жердегі берекет айқын көрініп тұр. Өйткені адам сәресіде тамақ ішумен қуатты болады, белсенді және оразаға деген қызығушылығы болады. Міне бұл «береке бар» сөзіне берілген дұрыс, қабылданған көзқарас. Сондай-ақ бұл қасиетті уақытта дұға жасалып зікір айтылады, Алланың мейрімі түсетін дұға мен истиғфар қабыл болатын уақыт, ол уақытта тұрған адам дәретін алып намазын оқып, таңның атуын күтіп сауапқа кенелу орайы бар дегенде артықшылығы айтылады»  - деген. 

 

Жоғары