ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
ҚЫЗБЕН ЖҮРУ КҮНӘ МА?

Сұрақ: – Жасым 25-ке толып, үйленуге асығып жүрмін. Екі жылдан бері сөз байласып жүрген қалыңдығым да бар. Үйлене қояйын десем, не жұмыстың, не қаражаттың ыңғайы келер емес. Екі жылдан бері қызбен жүруім күнәға жата ма?

Жауап: – Қыз бен жігіттің араласуы мен жүруіне шариғат тыйым салады. Өйткені, бөгде әйел мен ер кісі оңашаланатын болса, міндетті түрде араларына шайтан кіреді. Ондай кезде адам баласы нәпсісіне (шаһуатына) ие бола алмай қалуы бек мүмкін. Бұлай қыз бен ұл баланың жүруі мен араласуының соңы зинаға алып барады. Сондықтан Пайғамбарымыз (r) бөгде қыз бен ұл баланың оңаша қалуына тыйым салған. Пайғамбарымыз (r) мүбәрак хадисінде:

«Ер кісі мен әйел оңаша қалмасын, өйткені олардың үшіншісі шайтан болады» - деген. (Термези  2165.) Сол сияқты Пайғамбарымыз (r) бөгде әйелге қол беруден де қайтарған: «Сіздердің біреулеріңіз бөгде, өзіне халал болмаған әйелдің қолын ұстағаннан, басына темір инені қадағаны жақсырақ» (Табари 20/212, 487.) Тағы бір хадисте:

Алла Елшісінің (r) жұбайы Айша (t) анамыздан жеткен хадисте Ол (r) былай дейді: «Аллаға серт Пайғамбарымыз (r) бірде-бір бөгде әйелдің қолын ұстаған емес» (Бұхари 6674, Мүсілім 3470, Термези 3228, Ибн Мәжә 2866, Ахмад 23685.)

Егер сол қызға үйленетін ойыңыз болса, кездескенде қыздың жанында махрамы (туыс сіңлілері немесе құр-былары) болуы тиіс. Әрі тек мағруф (жақсы) сөздер айтылып, оңаша қалуға болмайды. Әйтпесе, шайтанның торына түсіп қалуыңыз мүмкін.

_______________

1 «Ниса» сүресі, 29- аят.

 

Жоғары