ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
"Насафи ақидасы" мәтіні 4

وله صفات أزلية قائمة بذاته وهي لا هو ولا غيره، وهي العلم، والقدرة، والحياة، والقوة، والسمع، والبصر، والإرادة، والمشيئة، والفعل، والتخليق، والترزيق، والكلام،

 15. Оның затына тиесілі әзәли сипаттары бар. Ол сипаттар оның өзі емес. Әрі одан бөлек емес. Олар: білу, құдірет, тірі болу, күш, есту, көру, қалау, ерік, іс-әрекет, жарату, ырыздық беру және сөйлеу.

وهو متكلم بكلام هو صفة له أزلية ليس من جنس الحروف والأصوات وهو صفة منافية للسكوت والآفة، والله تعالى متكلم بها ءامر ناه مخبر،

 16. Алла әзәли сипаты болған кәлам сипатымен сөйлеуші. Ол сипат әріптер және дыбыстар түріне жатпайды. Оның кәлам сипаты сөйлемеу және зақымданумен сыйыспайды. Міне осы сипаты арқылы Алла сөйлеуші, бұйырушы және хабардар етуші.

والقرءان كلام الله تعالى غير مخلوق، وهو مكتوب في مصاحفنا، محفوظ في قلوبنا، مقروء بألسنتنا، مسموع بآذاننا، غير حالٍّ فيها،

17. Құран Кәрім Алланың сөзі болып табылады. Ол махлұқ емес. Ол біздің кітаптармызда жазылған, жүректерімізде жатталып сақталған. Ол біздің тілімізбен оқылады, құлағымызға естіледі. Алланың кәлам сипаты (кітаптарда, жүректерде, тілдерде және құлақтарда) белгілі бір орынды алмайды.

 Аударған әрі түсініктеме берген Бауыржан Әлиұлы.

Жалғасы бар. 

Жоғары