ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Пайғамбардың (ﷺ) балалық шағы

ҚАМҚОР АТА ҚҰШАҒЫНДА

       Осыдан кейін кішкентай Мұхаммедті атасы Абдулмутталиб бауырына басады. Немересін ерекше жақсы көрген ол өте мейірбан әрі ақылшы-тәрбиеші болады. Алайда бұл дәурен де ұзаққа созылмайды. Сүйікті немересіне болашағының жарқын болуын тілеумен болған қайырымды қарт та екі жыл өткен соң дүниеден озады.

 КӨКЕСІ ӘБУТӘЛІПТІҢ ТӘРБИЕСІНДЕ

       Пайғамбарды (с.а.с.) сегіз жасында көкесі Әбутәліп бауырына басады. Ол әкесі Абдулланың бірге туған бауыры еді. Алланың елшісі (с.а.с.) осы үйде Әбутәліптің басқа балаларымен бірге өсіп, ер жетеді. Әбутәліп бауыры Абдулланың артында қалған жалғыз тұяғы жас Мұхаммедті (с.а.с.) қатты жақсы көретін. Жігіт болған соң да оны өзі үйлендіреді.

 ПАЙҒАМБАРДЫҢ (с.а.с.) КӘСІБІ

 Пайғамбардың (с.а.с.) бала кезінде ең алғаш айналысқан жұмысы қой бағу болатын. Жалпы, көптеген пайғамбарлардың алғашқы кәсібі мал бағу болған. Бұл жұмысты сегіз жастан бастады. Содан соң он екі жасқа жеткенде көкесі Әбутәліпке көмектесіп, сауда сапарларына шықты.

Жоғары